È

«Унесенные рейсом» сериалының тұсаукесері

 «Унесенные рейсом» сериалының тұсаукесері

21 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасында жаңа «Унесенные рейсом» сериалы көрсетіле бастайды. Телефильмнің өндірісімен «Аю синема» кинокомпаниясы айналысты. Жоба режиссеры - Серікбол Өтепбергенов, қоюшы-операторы - Асқар Серікқазин. Бас продюсері - Данияр Ибрагимов.

«Унесенные рейсом» - теміржолшылардың қауіпті де, қызықты оқиғаларға толы өмірлері жайлы көпсериалы фильм. Бас кейіпкер теміржол станциясына бортсерік болып орналасуға мәжбүр болады. Бірақ ол жұмыс күнінің соншалықты қарбаласқа толы болатынын күтпеген еді.

Басты кейіпкерлерді Динара Бақтыбаева, Шәріп Серік, Төлепберген Байсақалов, Гүлнар Байбосынова, Ниязбек Шайсұлтанов және Ольга Сокол ойнайды.

Авторлар көрерменге әрқайсысының ұзақтығы 25 минуттық 16 эпизод ұсынбақ.

Тұсаукесерлік көрсетілім 21 қарашада сағат 13.00-де «Хабар» арнасында.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер