È

Аптадағы тұсаукесерлер: Шынайы емес кейіпкерлер

5 шілдеден басталатын аптадағы тұсаукесерлер

Осы аптада отандық киномандарды Marvel-дің «Құмырсқа адам және Сона» блокбастері күтеді. Сонымен қатар, көрермендерді «Джим Пуговка мен машинист Лукас» отбасылық картинасы және «Жақындап көр» француздық-бельгиялық мелодрамасы қызықтыра түспек.

 

«Құмырсқа адам және Сона»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.07.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Пейтон Рид

Рөлдерде: Пол Радд, Эванджелин Лилли, Майкл Пенья, Уолтон Гоггинс

Жанры: фантастика, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Скотт Лэнг әлемді құтқарудың орнына, жалғыз қызына қарау үшін Сан-Францискода қалуға мәжбүр. Бірақ, көкжиектен жаңа тапсырмасымен дәрігер Хэнк көрінген кезде, жоспарлар күрт өзгереді. Бұл жолы Скоттың серіктесі – тартымды Сона пайда болады.

 

«Джим Пуговка және машинист Лукас»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.07.2018

Мемлекеті: Германия, 2018

Режиссері: Деннис Ганзель

Рөлдерде: Хеннинг Баум, Энди Чунг, Тадаси Эндо, Аннета Фрир

Жанры: фэнтези, шытырман

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Күн сайын пошташы кішкентай балақай Джиммен бірге ғажайыптар елі Медландияға хат тасиды. Алайда, патшалықта қайғы орын алады – ханшайымды ұрлап әкетіпті. Оны іздеуге батыр Джим аттанады, ол түпсіз мұхит пен шөл даланы кезіп өтуге дайын.

 

«Жақындап көр»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.07.2018

Мемлекеттері: Франция, Бельгия, 2018

Режиссері: Франк Дюбоск

Рөлдерде: Франк Дюбоск, Александра Лами, Жерар Дармон, Лоран Бато

Жанры: мелодрама, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Әйелқұмар Джоселин кішіпейіл сұлуға жақындау үшін өтірік мүгедек болып көрінеді. Бірақ, бойжеткен Джоселинді шынында да мүгедектер арбасына таңылған туған әпкесі Флоренспен таныстырады. Мұндай жағдайда жүректерді жаулаушы еркек әлі болған емес!

 

«Қызу демалыс»

Қазақстандағы тұсаукесер: 05.07.2018

Мемлекеті: Аустралия, 2018

Режиссері: Стефан Эллиотт

Рөлдерде: Гай Пирс, Кайли Миноуг, Рада Митчелл, Джулиан МакМэхон

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Жетпісінші жылдар. Сексуалды төңкеріс. Жасөсіпірім Джефф көрші қыз Меллимен сөйлесу үшін батыл болуға тырысады. Жастар танысқанша, олардың ата-аналары бейнет көреді. Ересектер тиым салынған ләззатқа батып, шынайы өмір дәмін тата бастайды.

 

Тұсаукесерлерді жіберіп алмау үшін, афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист