È

Аптадағы тұсаукесерлер: Тағдыр еркелері

20 шілдеден басталған апта тұсаукесерлері

Көрермендер осы аптада «Мажорлар» фильмінен «алтын» қазақ жастарының өмірін, «Дюнкерк» драмасы арқылы Екінші дүниежүзілік соғыз кезіндегі ұмытылып қалған оқиғаларды, «Аңыздар» картинасынан ресей жұлдыздарының күнделікті жағдайларын көре алады.

«Мажорлар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.07.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Жәнібек Ғұсманов

Рөлдерде: Марсель Махмуди, Айым Сейтметова, Бахтияр Байсерік, Әнуар Талғатов

Жанры: драма, шытырман оқиға

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Марсель, Бага және Даник алаңсыз өмір сүріп жүреді, өйткені олар әлеуметтік жағдайы жоғары отбасыдан шыққан балалар. Дегенмен, кейіпкерлердің есейіп, өз істеріне жауапкершілікпен қарайтын уақыт та жетеді.

 

«Дюнкерк»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.07.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, Нидерланды, Франция, 2017

Режиссері: Кристофер Нолан

Рөлдерде: Фьён Уайтхед, Дэмиен Боннар, Анейрин Барнард

Жанры: драма, әскери, тарихи

Жас шектеуі: 13 жасқа дейін

Картинадағы оқиға Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде болған. Британ мен кеңес әскерлері неміс күштерімен қақтығысып, қақпанға түсіп қалады. Алдынан жау келе жатса, артында ашық теңіз. Сарбаздар аман қалудың жолын ойластыра бастайды, болмаса барлығы өлім аузында кетіп қалуы мүмкін.

 

«Амитивилль қорқынышы: Жандану»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.07.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Франк Халфун

Рөлдерде: Белла Торн, Камерон Монахэн, Дженнифер Джейсон Ли

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Жалғызбасты ана үш баласымен жаңа үйге көшіп келеді. Үйдің сұмдық құпиясынан бейхабар әйел жаңа орынға қоныстана бастайды. Кейіпкер бірте-бірте отбасына қауіп төніп тұрғанын түсінеді. Бірақ, бәрі тым кеш...

 

«Қояндар мектебі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.07.2017

Мемлекеті: Германия, 2017

Режиссері: Уте фон Мюнхов-Поль

Рөлдерде: Ноа Леви, Зента Бергер, Фридрих фон Тун

Жанры: мультфильм, отбасылық фильм

Жас шектеуі жоқ

Бұзық Макс қуаныш пен ойын-сауыққа шектеу қойылған ескі бағыттағы мектептке тап болады. Кейіпкер мектептің тәртібіне үйренісе алмайды. Дегенмен, осы жерден Макс жаңа достар тауып, жауапкершілікке үйрене бастайды.

 

«Жолдан жаңылған»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.07.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2017

Режиссерлері: Людвиг және Пол Шаммасян

Рөлдерде: Орландо Блум, Джанет Монтгомери, Энн Рейд

Жанры: драма

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Малкольм жиырма жыл бойы қорқынышпен өмір сүріп келеді. Оған басты себеп – бала кезінде алған психологиялық жарақаты. Кейіпкер бар күш-жігерін жинап алып, өткенімен бетпе-бет кездесуі қажет.

 

«Аңыздар»​

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.07.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Александр Молочников

Рөлдерде: Федор Бондарчук, Сергей Безруков, Яннис Пападопулос

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Грек Одиссейдің саяхатын қайталағысы келеді. Алайда, кейіпкерді әсерлі саяхат емес, Мәскеудегі шытырман оқиғалар күтіп тұрады. Ол бұл жақта астаналық «Олимп» жұлдыздарымен танысып, солардың нағыз өмірінің куәсі болады. Грек жұлдыздар туралы айтылғандардың аңыз екеніне көз жеткізеді.

«Есі ауысқан көршілер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.07.2017

Мемлекеті: Франция, Бельгия, 2017

Режиссері: Филипп де Шоврон

Рөлдерде: Эри Абиттан, Кристиан Клавье, Эльза Зильберштейн

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Профессор Жан-Этьен телесайыстың бірінде мигрантарға Францияның ғана емес, өз үйінің есігі ашық екендігін айтып қалады. Профессор үйіне келген соң, есігінің алдында сығандар отбасының тұрғанын көреді. Жан-Этьен халық алдындағы беделін құртып алмас үшін амалсыздан оларды үйіне кіргізеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер