Желіге «Мажорлар» фильмінің саундтрегі жарияланды
Желіге «Мажорлар» отандық фильмінің ресми саундтрегі жарияланды. Мәтін авторы әрі әннің орындаушысы - Марсель Махмуди, композиторы - Айдарбек Рысбек. Музыкалық бейнебаянның режиссері - Қуаныш Әнуарбеков.
«Саундтрек жазу идеясын әпкем – әнші Сиви Махмуди ұсынды. Сонымен қатар, «әнді өзің орындап шық» деп кеңес берді. Мен де неге байқап көрмеске деп ойладым. Ән мәтінін бірнеше күн ішінде жаздым. Содан кейін, вокал сабақтарына жазылып, дауысымды қойдым. Бейнебаян жаман емес сияқты»,-деп айтып берді Марсель Махмуди.
«Мажорлар» фильмінің ресми саундтрегінен көрініс
«Мажорлар» фильмі – бұл байлардың ерке балалары, үш жасөспірім туралы хикая. Оларға тағдыр тосын сый жасайды: балалар алғаш рет ақша да, мансап та, бедел де құтқара алмайтын қиындықтарға тап болады. Кейіпкерлердің тығырықтан шығар жалғыз жолы – есейіп, өз әрекеттеріне жауап беру.
Картинадағы басты кейіпкерлерді Марсель Махмуди, Әнуар Талғатов, Шер Әлі және Айым Сейтметова сомдады.
«Мажорлар» айналымға 20 шілде күні шығады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін