È

Аптадағы тұсаукесерлер: Бас айналдырар қыздар кеші

15 маусымнан басталған апталық тұсаукесерлер

Жаздың екінші аптасы киножаңалықтарға толы болмақ. Көрермендер кинотеатрлар арқылы «Өте жаман қыздар» комедиясынан ұмытылмас қыздар кешін, «Осы ғалам» драмасынан махаббат күшін және «Көк тұңғиық» триллерінен теңіз жыртқыштарымен күресін тамашалай алады.

 

«Өте жаман қыздар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.06.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Люсия Аньелло

Рөлдерде: Зои Кравиц, Скарлетт Йоханссон, Деми Мур

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Тұрмысқа шығар алдында құрбылармен бірге соңғы рет көңіл көтеру – бұл қыздар кеші. Бірақ, фильм кейіпкерлері үшін көп күткен кештерінің соңы стриптизші жігіттің аяқ асты өлімімен аяқталады. Енді қыздар өз-өздерін қолға алып, полиция келмей тұрғанда, іздерін суытып үлгеруі тиіс.

 

«Көліктер 3»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.06.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Брайан Фи

Рөлдерде: Оуэн Уилсон, Кристела Алонзо, Крис Купер

Жанры: мультфильм, комедия, шытырман оқиға

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Найзағай Маккуин жарыстан рекорд орнатуды жалғастырады. Дегенмен, әр жарыс сайын жеңіс оған оңайлықпен келмейді. Қарсыластары да осал емес. Кейіпкер жеңіс үшін тек жылдамдық пен мотордың аздық ететінін түсінеді. Достар мен олардың қолдау көрсетуі – міне, нағыз чемпионға керегі осы.

 

«Осы ғалам»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.06.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Стелла Меги

Рөлдерде: Амандла Стенберг, Аника Нони Роуз, Тэйлор Хиксон

Жанры: драма, мелодрама

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Мэдди – өмірдің бар әсемдігін көргісі келетін 18 жасар ақылды бойжеткен. Бірақ, ауруының кесірінен сыртқы өмірден оқшауланған герметикалық үйде тұруға мәжбүр. Оның жалғыз ғана жұбанышы – Олли есімді көршісі. Екі жастың жәй ғана хат алмасуы үлкен бір сезімге ұласады. Қос кейіпкер бірге болу үшін нар тәуекелге барады.

 

«Орбита 9»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.06.2017

Мемлекеті: Испания, Колумбия, 2017

Режиссері: Хатем Храиче

Рөлдерде: Клара Лаго, Алекс Гонсалес, Андрес Пара

Жанры: қиял-ғажайып фильмі, драма, мелодрама

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ғарышкер Элен жаңа ғаламшар Селестаға аттанады. Эленнің «Орбита 9» кемесіне тіршілікті қамтамасыз ететін жүйенің бірін жөндеу үшін Алекс келеді. Ол Элен ешқашан естімеген тәжірибелік құпияны жайып салады.

«Көк тұңғиық»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.06.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2017

Режиссері: Йоханнес Робертс

Рөлдерде: Мэнди Мур, Клэр Холт, Мэттью Модайн, Яни Геллман

Жанры: триллер, қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Лиза мен Кейт жазды Мексикада өткізеді. Күн бұлауынан шаршаған бойжеткендер ақ акулаларға бетпе-бет келетін торға отырады. Тор аяқ астынан үзіліп, қыздар теңіз тұңғиығына батқанда, қорқынышты аттракцион өмір үшін күреске айналады. Екеуінің тезірек жағаға шығуына бір-ақ сағат бар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер