È

Аптадағы тұсаукесерлер: Шектен шекке дейін

23 қарашадан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл апта түрлі жанрларға толы болмақ: айналымға қорқынышты фильмдер, комедиялар, атыс-шабыс фильмдері, мелодрамалар мен отбасылық кино шығады. Көрермендер норвеж жазушысы Ю Несбёнің «Аққала» бестселлерінің аттас экраниздауын және Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» комедиясы мен Альмири Қарпықовтың «Махаббат жайында 100 минут» мелодрамасы сынды отандық өнімдерді тамашалайтын болады.


«Кинодан да артық»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.11.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Асқар Бисембин

Рөлдерде: Данияр Алшынов, Аружан Жазылбекова, Еркін Губашев, Жәния Джуринская, Дәурен Айдарқұлов, Газрет Ержанов

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Жас режиссер алғашқы фильмін түсіру үшін қаржы іздей бастайды. Шарасыз күйде телевизиялық балалар жобасына режиссер болып орналасады. Тележобадағы жұмысын істеп жүріп, бюджетті фильм түсіруге мүмкіндігі барын түсінеді. Тек актерларды көмектесуге көндірсе болғаны...

 

«Махаббат жайында 100 минут»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.11.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Альмири Қарпықов

Рөлдерде: Елдана Қансейітова, Альмири Қарпықов, Айсұлу Әзімбаева, Мұқағали Мырзамбетов, Зәйтуна Қарпықова, Лидия Кәденова, Азат Сейтметов

Жанры: мелодрама

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Мика АҚШ-тағы оқуын аяқтап, Алматыға үйіне оралады. Келе салысымен бойжеткен банкке орналасады да, аяқ астынан банктың вице-президенті Әнуармен танысады. Жұп бір-біріне ғашық болады. Бірақ, Әнуар екі айдан кейін банк президентінің қызы Каринаға үйленуі тиіс.

«Коко құпиясы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.11.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссерлары: Ли Анкрич, Эдриан Молина

Рөлдерде: Энтони Гонсалес, Гаэль Гарсиа Берналь, Бенджамин Брэтт, Аланна Юбак

Жанры: мультфильм, мюзикл, комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

12 жасар Мигель қарапайым етікшілер отбасында тұрады, бірақ музыкант болуды армандайды. Балақай Өлілер Әлеміне аттанады, себебі сүйікті әншісі, марқұм Эрнесто де ла Круспен арадағы бір байланысты сезеді. Коко жолсерігіне айналған Эктор есімді рухпен танысады. Екеуі бірге де ла Крусқа барады.

 

«Коматозниктер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.11.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Нильс Арден Оплев

Рөлдерде: Эллен Пейдж, Диего Луна, Нина Добрев, Джеймс Нортон, Кирси Клемонс

Жанры: қорқынышты фильм, фантастика, триллер, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Медицина факультетінің бес студенті адамдар қайтыс болған соң қандай күйге түсетінін білгілері келеді. Олар өмірлерін тәуекелге байлап, қауіпті тәжірибе жасайды. Кейіпкерлер бір-бірінің жүрегін әдейі тоқтатып, клиникалық өлім жағдайына түседі.

 

«Қош бол, Кристофер Робин»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.11.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2017

Режиссері: Саймон Кёртис

Рөлдерде: Вики Пеппердин, Марго Робби, Донал Глисон, Уилл Тилстон, Алекс Лоутер

Жанры: отбасылық, өмірбаян, тарих

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Фильм сюжеті жазушы Александр Милн мен ұлы Кристофер Робинмен арадағы қатынасын баяндайды. Баласының ойыншықтары авторды ғажайып Винни-Пух әлемін дүниеге әкелуге шабыттандырған.

«Сәлем, әке, Жаңа жыл! 2»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.11.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Шон Андерс

Рөлдерде: Уилл Феррелл, Марк Уолберг, Мэл Гибсон, Джон Литгоу, Линда Карделлини

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Бір-бірін жек көретін әке мен өгей әке, Дасти мен Брэд, балаларға керемет Рождество сыйлау үшін бас қосады. Бірақ, олар достасып үлгергенше, идеяларына қауіп төнеді – немерелеріне аталары, яғни Дастидің сәнқой әкесі және Брэдтің эмоционалды әкесі келе жатыр.

 

«Үнсіздік уәдесі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.11.2017

Мемлекеттері: Болгария, АҚШ, 2017

Режиссері: Айзек Флорентайн

Рөлдерде: Антонио Бандерас, Пас Вега, Карл Урбан, Кристина Серафини, Атанас Сребрев

Жанры: атыс-шабыс, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сұмдық қылмыстан кейін табысты адвокат әрі үлгілі отағасы Фрэнк әйелі мен қызынан айырылады. Тергеу барысы ешқандай нәтиже бермейді. Осы кезден бастап, Фрэнк нағыз қанішерлерді табуға тырысады. Ол тергеуді бастап кетеді де, қанішерді таппағанша, тіс жармайтыныны туралы өзіне уәде береді.

 

«Аққала»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.11.2017

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, 2017

Режиссері: Томас Альфредсон

Рөлдерде: Майкл Фассбендер, Ребекка Фергюсон, Шарлотта Генсбур, Йонас Карлссон, Ронан Вайберт

Жанры: триллер, драма, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Жыл сайын қыс мезгілі келіп, алғашқы қар жауғанда тұрмысқа шыққан қыздар жоғалып кетіп жатады. Бұл істі әйгілі детектив өз қолына алады. Ол жұмысқа бар жан-тәніммен кіріседі, себебі қар жауатын уақыт та таяп қалды.

 

«Біз үшін тыныс алшы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.11.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2017

Режиссері: Энди Серкис

Рөлдерде: Эндрю Гарфилд, Клер Фой, Эдвард Спелирс, Том Холландер

Жанры: драма, мелодрама, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Жас ғашықтар Диана мен Робин бал айына аттанады, бірақ Робин сол жақта полиомиелитпен ауырып қалады. Шынайы оқиғаларға негізделген хикая махаббат құдіретінің күшті екендігін көрсетеді.

 

«Феличита мырза»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.11.2017

Мемлекеті: Италия, 2017

Режиссері: Алессандро Сьяни

Рөлдерде: Алессандро Сьяни, Диего Абатантуоно, Карла Синьорис, Елена Куччи

Жанр: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Мартино табысты психологтың үйінде жұмыс істейді. Ол дәрігердің қанша табыс табатынын біледі де, психолог үйде жоқ кезде, орнына отыруға тырысады. Бастапқыда оның жолы болады, қомақты қаржы да табады. Осылай жалғаса берер ме еді, тек дарынды мәнерлеп сырғанаушы Арианнаны жолықтырмағанда...

 

«Жалға алынған балалар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.11.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Татьяна Капитан

Рөлдерде: Равшана Куркова, Артем Ткаченко, Диана Антосяк, Эрик Холявко-Гришин, Алла Михеева

Жанры: комедия, отбасылық

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Макс пен Венера ата-аналарына ұқсамайды, бірақ бір-бірінің ата-анасына ұқсауға тырысады. Психологтар керемет идея ұсынады, яғни әрқайсысы өзіне ұқсаған балаға ие болу үшін, оларды ауыстырулары керек. Кейде армандар орындалады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер