È

Аптадағы тұсаукесерлер: Менікі. Сенікі. Ешкімдікі емес

14 желтоқсаннан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл аптада айналымға +16 санатындағы фильмдер шығады. Отандық меломандар ащы әзілдері бар «Бөлінбейтін» қылмыстық хикаясын тамашалап, «Love you family» («Туған үйім - тірегім») фильмінде үнді қызының неліктен Алматыға келгенін біле алады және «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» аңызында Жарық пен Түннің шайқасына куә болады.


«Бөлінбейтін»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.12.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Олжас Ахметов

Рөлдерде: Берік Айтжанов, Әзиз Бейшеналиев, Асан Мәжит, Ерден Телемісов, Алексей Шемес, Шыңғыс Қапин

Жанры: комедия, драма, қылмыстық

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Белгісіз үшеу инкассация көлігін тонап кетеді. Қылмыскерлер шекараны аттап өту мақсатымен келе жатып, жолдағы бір дәмханаға кіреді, олардың қолдарында 5 миллион долларға толы ақша бар. Жақында оларды ұстап алады. Не істеу керек?

 

«Виктория мен Абдул»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.12.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, АҚШ, 2017

Режиссері: Стивен Фрирз

Рөлдерде: Джуди Денч, Али Фазал, Эдди Иззард, Адиль Ахтар

Жанры: драма, тарих, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Виктория ханшайым жас үндіс Абдул Кәрімді ерекше көретін. Жақын арада Абдул Викторияның сүйіктісіне айналады. Екеуінің қарым-қатынасы туралы көптеген өсек-аяңдар мен сыбыстар жүрді. Алайда, екеуін шынымен не байланыстыратынын санаулы адам ғана білетін.

«Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.12.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Райан Джонсон

Рөлдерде: Марк Хэмилл, Кэрри Фишер, Дэйзи Ридли, Джон Бойега, Оскар Айзек

Жанры: фантастика, атыс-шабыс, шытырман

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмдегі оқиға Хан Соло өлімінен кейін болған. Кайло Рен әкесін өлтірген соң, Бірінші Орденге басшы болып, Қарсыласқа қарсы шайқасын жалғастырады. Осы уақытта Рея Күшке ие болады да, соңғы джедай Люк Скайуокермен кездесуді ұйғарады.

 

«Love you family» / «Туған үйім - тірегім»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.12.2017

Мемлекеті: Үндістан, Қазақстан, 2017

Режиссері: Сачиндра Шарма

Рөлдерде: Пардасани Акса Сунил, Кашияп Манеш Барбхай, Шакти Капур, Фархат Абдраимов, Елена Кэзан

Жанры: мелодрама

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Хуши туғандарының қарсылығына қарамастан, ғашығымен бірге елден кетіп қалады. Бірақ, ол сүйіктісі кейіннен отбасынан безіп, сатып кетеді. Уақыт өте келе бойжеткен Алматыға келіп, халықаралық компанияға жұмысқа орналасады. Хуши жаңа мемлекетте қандай жаңалықтардың күтіп тұрғандығынан хабарсыз еді.

 

«Түнгі адам»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.12.2017

Мемлекеті: АҚШ, Канада, 2017

Режиссері: Трэвис Заривны

Рөлдерде: Логан Кренан, Роберт Инглунд, Эмили Хейн

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Алекс достарымен бірге ойын ойнап жүріп, Түнгі адамды шақыруды ұйғарады. Алғашында балалар ойыны зиянсыз болып көрінді, бірақ кейін кейіпкерлер қорқынышқа толы сұмдықтарды бастарынан өткереді.

 

«Жаңа жылдық әбігер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.12.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Кирилл Папакуль

Рөлдерде: Владимир Меньшов, Константин Крюков, Анастасия Макеева, Яц Цапник, Инга Оболдина

Жанры: комедия, отбасылық

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Демалыстағы генерал Георгий Морозов Жаңа жылды есейген балаларымен қарсы алып, мұраны бөліп беруді ұйғарады. Әкесінің жоспарынан хабардар болған Морозовтар отбасылық үйге келіп, жанұя басшылығына жағу үшін барлығын істейді.

«Сенің ақшаңды тартып аламын»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.12.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Лаки МакКи

Рөлдерде: Джон Кьюсак, Джейкоб Артист, Нед Беллами

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 17 жасқа дейін

Алғыр Миллер клиентін тонап кетеді. Еркектің жұмыстары жоспар бойынша орындалып келе жатыр еді, кенеттен ақшаға толы сөмкесі орманда қалып қояды. Ақшаны белгісіз біреулер тауып алады. Миллер байлығын қайтарып алу үшін барлық әрекетке барады.

 

«Жұптардың барлығы солай істейді»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.12.2017

Мемлекеті: Франция, 2017

Режиссері: Максим Говаре

Рөлдерде: Венсан Эльбаз, Лоранс Арне, Жюльет Пиволо,

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Мод пен Адриан бақытты отбасы болатын еді. Бірақ, Андрианның жеңілтектігін және жағымсыз қылықтарын Мод ұнатпайды. Кейін, ол жігітімен айырылысқысы келеді. Алайда, Андриан кеткісі келмейді, себебі оның баратын жері жоқ еді.

 

«Көсеулі қыз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 14.12.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Ольга Попова

Рөлдерде: Олег Гаас, Александра Урсуляк, Полина Ауг, Ирина Чериченко

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Мінеки, 31 желтоқсан да келіп жетті. №48 үйдің тұрғындары 2018 жылды керемет көңіл-күймен отбасыларымен бірге қарсы алуды ұйғарады. Бірақ, көсеулі қызбен кездесулері жоспарларына кедергі келтіруі мүмкін. Өлім кімнің артынан келді екен?

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер