È

Апта тұсаукесерлері: Соңғы соғыс

22 маусымнан басталған аптадағы тұсаукесерлер

Осы аптада қазақстандықтар біраз торығып, соғыс әлемін сезінетін болады. Өйткені, айналымға Жердегі билікке талас туралы - «Трансформерлер: Соңғы сарбаз», «Суық танго» - соғыс кезіндегі махаббат трагедиясы жайында және «Антропоид» - британ барлаушылары әскерлерінің тағдырлары туралы фильмдері шықпақ.

«Трансформерлер: Соңғы сарбаз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.06.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Майкл Бэй

Рөлдерде: Марк Уолберг, Энтони Хопкинс, Джош Дюамель, Лора Хэддок

Жанрлары: қиял-ғажайып фильмі, атыс-шабыс фильмі, шытырман оқиға, триллер

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Трансформерлер мен адамдар арасында қатігез соғыс басталып кетеді. Әлемді жаппай қираудан құтқаруға Кейд Йегер, Бамблби мен ағылшын лорды және Оксфорд профессоры кіріседі. Бұрынғы кезде жасырынған құпия қайта ашыла бастайды, ал әлем адамдар мен машиналарға тиесілі болмақ.

«Мәңгі жастық»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.06.2017

Мемлекеті: Франция, 2017

Режиссері: Гийом Кане

Рөлдерде: Гийом Кане, Марион Котийяр, Камил Роу, Джонни Холлидей

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Гийомның басты кейіпкері кезінде танымал әрі сұранысқа ие актер болатын. Бірақ, жастық шағында... Қазір оның жасы 43-те және ол арзан телевизиялық шоуларға түсіп жүр. Ал оның әйелі актриса Марион продюсерлер арасында танымалдылыққа ие бола бастайды. Кейіпкер бір сәтте өмірін түбегейлі өзгертуге кіріседі. Әрі қарай не болады екен?

«Антропоид»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.06.2017

Мемлекеттері: Ұлыбритания, Франция, Чехия, 2016

Режиссері: Шон Эллис

Рөлдерде: Джейми Дорнан, Тоби Джонс, Каллиан Мёрфи, Шон Махон, Брайан Каспе

Жанрлары: триллер, әскери, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Оқиға 1942 жылы аясында өрбиді. Британ барлауы фашистік Германияның белді адамы Рейнхард Гейдрихті аластатпақ болады. Арнайы операцияны чехиялық және словакиялық әскерлерге сеніп тапсырады. Фильм негізіне «Антропоид» құпия атын жамылған шынайы барлау қызметінің хикаясы арқау болған.

 

«Суық танго»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.06.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Павел Чухрай

Рөлдерде: Юлия Пересильд, Риналь Мухаметов, Карина Каграманян

Жанрлары: әскери, мелодрама, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Кейіпкер соғыстан әрең аман қалып, үйіне оралады. Үйде оны сүйіктісі мен туыстары күтуде. Бірақ бақыттың ауылы алыс екен: кейіпкер сұмдық құпияны біліп қояды. Оның ғашығы – қас дұшпанының қызы екен. Ер азамат қағидаларынан бас тартып, бақытты бола ма әлде жалғыздық құрсауында қала ма екен?

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер