È

Аптадағы тұсаукесерлер: Ішкі антикейіпкерді қабылда

4 қазаннан басталған аптадағы тұсаукесерлер

Осы аптада көптен күткен «Қаржыгер. Шығу ойыны» отандық картинасы айналымға шықты. Сондай-ақ, киномандар экраннан Marvel студиясының ең көп күтілген жобасы «Веномнан» Том Хардиді көре алады. «Кәсіби маман» атыс-шабыс фильмінде Киану Ривз төбе көрсетеді. Ал жас аудитория үшін «Үйдегі келімсектер» отбасылық мультфильмі жарыққа шығады. Қалған тұсаукесерлер жайлы төменнен оқыңыздар.

 

«Қаржыгер. Шығу ойыны»

Қазақстандағы тұсаукесер: 04.10.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Елена Лисасина

Рөлдерде: Карина Жұмалиева, Екатерина Григоренко, Айнұр Тұрғанбаева, Майя Веронская, Асылхан Төлепов, Шыңғыс Қапин, Алдабек Шалбаев, Бақытжан Әлпейісов, Филипп Волошин

Жанры: қылмыстық, драма, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Кәсіп арқылы алға жылжып келе жатқан қаржыгер Руслан және досы Таир екеуі мәселелерге кезігеді. Биржадағы алып-сатарлық кезінде олар адам өміріне қауіп төндіретін қауіпті адамдардың жолын кеседі. Басты кейіпкерлер қандай сынақтардан өтеді, олардың жолын не көлегелейді, олар бұл тығырықтар шыға ала ма – осы сұрақтардың жауабын фильмді көрген соң таба аласыздар.

 

«Веном»

Қазақстандағы тұсаукесер: 04.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Рубен Фляйшер

Рөлдерде: Мишель Уильямс, Марчелла Браджио, Дженни Слейт, Мишель Ли, Милора Уолтерс, Том Харди, Вуди Харельсон, Риз Ахмед, Мак Брандт, Рон Сепас Джонс

Жанры: қорқынышты, қиял-ғажайып, атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Журналист Эдди Броктың ішкі ағзасына бөгде ғаламшарлық Веном атты симбиот жаратылыс енеді. Ол иесіне ғалам күш беріп, бірақ ақылынан адастырады. Веном Эддидің денесіне енген соң, келімсек пен адам арасында тұлғалық қасиетті сақтау үшін шайқас басталады.

 

«Жұлдыз дүниеге келді»

Қазақстандағы тұсаукесер: 04.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Брэдли Купер

Рөлдерде: Леди Гага, Бонни Соммервиль, Д. Дж. Пирс, Брэдли Купер, Сэм Эллиотт, Дэйв Шаппэлл, Энтони Рамос, Эндрю ДайсКлэй, Майкл Харни, Уиллиам Беллай

Жанры: мелодрама, мюзикл

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бұрынғы табысты мансабынан айырылған кантри-орындаушы Джек Мейн белгісіз, бірақ өте дарынды әнші Эллимен танысады. Екеуінің арасында құштарлық оянып, нағыз махаббат басталады. Кейін, Джек Эллиге атақ-даңққа бөленуге көмектеседі, бірақ өзінің музыкант ретіндегі мансабының соңына таяп қалғанын түсінеді.

 

«Кәсіби маман»

Қазақстандағы тұсаукесер: 04.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Мэттью Росс

Рөлдерде: Эшли Ст. Джордж, Вероника Феррес, Киану Ривз, Борис Гулявин, Павел Лычников, Владимир Шкляр, Михаил Богданов, Рафаэль Петарди, Даррен Росс

Жанры: атыс-шабыс, қылмыстық, мелодрама, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Лукас Хилл – американдық жалданушы, оны Ресейден гауһар тастар топтамасын алып кетуге жұмсайды. Келген соң барлығы жоспар бойынша бола қоймайды, басты кейіпкер жалған гауһар тастармен бірге өзге елде қалып, қауіпті орыс мафиясымен бетпе-бет келеді.

 

«Қара Кландаушы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 04.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Спайк Ли

Рөлдерде: Лора Хэрриер, Дамарис Льюис, Алек Болдуин, Джон Дэвид Вашингтон, кіші Исайя Уитлок, Роберт Джон Бёрк, Брайан Тарантина

Жанры: комедия, қылмыстық, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Колорадо штатындағы қара нәсілді полицей қауіпті тапсырмаға барады, яғни ол Ку-Клус-Клан нәсілшілдік ұйымына енуі тиіс. Өзінің еврей серіктесімен бірге қауіпке басын тігеді.

 

«Мектеп»

Қазақстандағы тұсаукесер: 04.10.2018

Мемлекеті: Аустралия, 2018

Режиссері: Сторм Эшвуд

Рөлдерде: Меган Друри, Милли Олкок, Сэсси Супидис, Алексия Сантосу, Николас Хоурп, Уилл Мак Дональд, Тексас Уоттерстон

Жанры: қорқынышты, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Табысты хирург, өз ісінің шебері Эми сұмдық оқиғаны басынан өткереді, оның ұлы комаға түсіп қалады. Ұлының санасына еніп, оны қыл үстіндегі жағдайдан құтқарып алуға тырысады, бірақ баласын құтқару жолында сұмдық дүниелерге тап болады.

 

«Үйдегі келімсектер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 04.10.2018

Мемлекеттері: Германия, Дания, 2018

Режиссерлері: Кристоф Лауэнштайн, Вольфганг Лауэнштайн, Шон МакКормак

Рөлдерде: Люси Кэролан, Данна Дэвис, Сьюзи Пауэр, Эйлин Митен, Каллум Малони, Дермот Магеннис, Йен Коппингер

Жанры: мультфильмы, қиыл-ғажайып, комедия

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Бала Луис 12 жаста, ол уфологияға қызығады. Бір күні ол ғарыш кемесінің апатты жағдайда үйінің алдына тоқтағанын байқайды. Оның ішінде үш келімсек бар екен, олар баламен сөйлесуге тырысады.

 

Данил Жигалин

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер