È

Аптадағы тұсаукесерлер: Ертегілер әлемі

6 желтоқсаннан басталатын аптадағы тұсаукесерлер

Осы аптада киномандарды эмоцияға толы жаңалық күтеді. Отандық айналымға «Шақылдақ және төрт патшалық», «Мен үшін бәрі тамаша!», «Джек салған үй» картиналары шығады. Күтпеген шиеленістер мен қорқынышты фильмдерді жақсы көретіндер «Мінсіз тұзақ» пен «Егіздерді» тамашалай алады. «Тобол» және «Қорық» ресейлік картиналары да кинозалдардан өз көрермендерін күтеді.

 

«Шақылдақ және төрт патшалық»

Қазақстандағы тұсаукесер: 06.12.2018

Мемлекеті: АҚШ 2018

Режиссері: Лассе Халльстрём

Рөлдерде: Кира Найтли, Морган Фриман, Хелен Миррен, МакКензи Фой, Мэттью Макфэдиен

Жанры: фантастика, шытырман

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Клара анасыз өседі және сол үшін қатты қиналады. Бір күні Рождествода ол анасы құрған ғажайып әлемге тап болады. Бірақ ол әлемге қауіп төніп тұр, жауыз сиқыршы ертегіні құртқысы келеді. Клара соған қарсы шығуға тырысады.

 

«Егіздер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 06.12.2018

Мемлекеті: Канада 2018

Режиссері: Брэндон Кристенсен

Рөлдерде: Кристи Бурк, Джесси Мосс, Ребекка Олсон, Джен Гриффин, Шила МакКарти

Жанры: триллер, қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Мэри босанып жатқан кезде егіздің бір сыңарынан айырылып қалады, содан кейін екіншісін де жоғалтып алудан қорқа бастайды. Бұл жағдай егіздердің тәнін иеленгісі келетін, солардың жанын аңдып жүрген жындарды өзіне тартады.

 

«Мінсіз тұзақ»

Қазақстандағы тұсаукесер: 06.12.2018

Мемлекеті: АҚШ 2018

Режиссері: Джордж Рэтлифф

Рөлдерде: Аарон Пол, Эмили Ратаковски, Риккардо Скамарчо, Дафна Александр

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Жас жұп демалып, қарым-қатынастарындағы мәселені шешу үшін Италияға аттанады. Олар бір үйге тоқтайды, бірақ ол жақта үй иесі дайындап қойған қорқыныштар орын алады.

 

«Джек салған үй»

Қазақстандағы тұсаукесер: 06.12.2018

Мемлекеті: Дания 2018

Режиссері: Ларс фон Триер

Рөлдерде: Мэтт Диллон, Бруно Ганц, Ума Турман, Шиван Фэллон Хоган, Софи Гробёль

Жанры: триллер, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмдегі оқиға Америкада 70-жылдарда өрбиді. Сюжетте ақылды әрі ұстатпайтын Джек есімді қанішер баяндалады. Ол құрбандарын елдерге күлкілі көрінетін ең сорақы әдістермен өлтіреді. Алайда, бұл нәрсе ол үшін нағыз өнер сияқты.

 

«Тобол»

Қазақстандағы тұсаукесер: 06.12.2018

Мемлекеті: Ресей 2018

Режиссері: Игорь Зайцев

Рөлдерде: Илья Маланин, Дмитрий Дюжев, Дмитрий Назаров, Павел Табаков, Екатерина Гусева

Жанры: драма, тарихи

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Петр І бұйрығы бойынша, гвардия офицері Иван Демарин қызметпен Тоболға аттанады, сол жақта полкпен бірге дүшпандардың қастандығына тап болады.

 

«Қорық»

Қазақстандағы тұсаукесер: 06.12.2018

Мемлекеті: Ресей 2018

Режиссері: Анна Матисон

Рөлдерде: Сергей Безруков, Евгения Крегжде, Анна Михалкова, Гоша Куценко, Александр Семчев

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бұрынғы музыкант атағы мен дарынынан айырылып, ішімдікке салынады. Сонымен қатар, қызын алып, оны әйелі тастап кетеді. Өмірінің мәнін жоғалтқан еркек Пушкин саябағына барып, қызықты оқиғалар күтетін «Пушкинворлдқа» тап болады.

 

«Мен үшін бәрі тамаша!»

Қазақстандағы тұсаукесер: 06.12.2018

Мемлекеті: Франция 2018

Режиссерлары: Бенуа Делепин, Гюстав Керверн

Рөлдерде: Жан Дюжарден, Иоланда Моро, Жан-Бенуа Югё, Олег Купчик, Яна Биттнерова

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Қырық жасар Жак бай болуды армандайды, бірақ аянбай еңбектенудің орнына ол барлығын кейінге қалдырып, бос жүруді қалайды. Еркек аз ғана уақытта бай болатынына сенеді, бірақ оның әзірше халаты мен тәпішкесі ғана бар.

 

Көрсетілім кестесі кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер