È

Аптадағы тұсаукесерлер: Құтқару операциясы

12 қазаннан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл апта Қайрат Нұртас шығармашылығының жанкүйерлеріне ерекше болмақ. Айналымға әншінің және жарының басты рөлді сомдауымен «Арман» фильмі шығады. Сондай-ақ, Том Круздың жанкүйерлеріне де демалыс сәтті болады, себебі экранға «Америкада жасалған» атыс-шабыс фильмі шықпақ. Ал «Салют-7» көрермендерді ғарыштың ерекше көріністерімен қуантады.


«Арман»

Қазақстандық тұсаукесер: 12.10.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Рашид Сүлейменов

Рөлдерде: Жұлдыз Әбдікәрімова, Қайрат Нұртас, Тілектес Мейрамов, Елжас Рахымбеков, Шадияр Абдуллаев, Олжас Нұрбаев, Дархан Манақов

Жанры: драма, экшн

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Үйлену тойына екі апта қалғанда Арман есімді бойжеткенді еліміздегі беделді бай адамдардың ұлдары, төрт жігіт ұрлап кетіп, зорлық көрсетеді. Оның күйеу жігіті Құрман қалыңдығын құтқарамын деп жүріп, түрмеге түсіп қалады. Құқық қорғау органдары айғақтың жеткіліксіздігін алға тартып, кінәлілерді қамаудан бас тартады. Бірақ, Арман әділеттілікті қалап, мақсатына қол жеткізеді.

 

«Салют-7»

Қазақстандық тұсаукесер: 12.10. 2017

Мемлекеті: Россия, 2017

Режиссері: Клим Шипенко

Рөлдерде: Владимир Вдовиченков, Павел Деревянко, Александр Самойленко, Виталий Хаев, Оксана Фандера, Любовь Аксенова

Жанры: драма, шытырман, триллер

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

«Салют-7» - ұшқышсыз режимде орбитада тұрған ғарыш станциясы. Бір күні басқару құрылғысы одан дыбыс алуды тоқтатады. Сол кезде орбитаға құтқару экспедициясы аттанады. Экипаж станцияны іздеп тауып, 20 тоннаны құрайтын басқарусыз қалған құрылғыны тоғыстырып, «Салют-7» станциясын жөндеулері керек. Топтың алдындағы басты мақсат - апаттың алдын алып, Жерді станцияның құлауынан қорғау. «Салют-7» фильмі шынайы оқиғаларға негізделген.

 

«Америкада жасалған»

Қазақстандық тұсаукесер: 12.10.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Даг Лайман

Рөлдерде: Том Круз, Донал Глисон, Калеб Лэндри Джонс, Сара Райт, Джесси Племонс, Джейма Мейс, Лола Кёрк, Кевин Л. Джонсон, Коннор Триннир, Бенито Мартинес

Жанры: атыс-шабыс, триллер, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Барри Боинг 747-нің Америкадағы ең жас ұшқышы болатын, кейіннен АҚШ-тың ең бай адамдарының біріне айналды. Ол дәулетті өмір сүрді. Ол жоқтан ақша жасай алатын адам еді.

 

«Кинодағы My Little Pony»

Қазақстандық тұсаукесер: 12.10.2017

Мемлекеті: АҚШ, Канада, 2017

Режиссері: Джэйсон Тиссен

Рөлдерде: Зои Салдана, Эмили Блант, Кристин Ченоуэт, Лив Шрайбер, Тара Стронг, Майкл Пенья, Тэй Диггз, Узо Адуба, Сиа, Николь Оливер

Жанры: мультфильм, мюзикл, фэнтези

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Понивиллге қауіп төніп тұр. Алты дос бірігіп, өз үйлерін бәледен құтқару үшін серік іздеп саяхатқа аттанады.

 

«Қарғыс. Біздің күндер»

Қазақстандық тұсаукесер: 12.10.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, Румыния, 2017

Режиссері: Ксавье Жанс

Рөлдерде: Софи Куксон, Корнелиу Улич, Бриттани Эшворт, Мэтью Заяц, Диана Владу, Florian Voicu, Раду Банзару, Хавьер Ботет, Иван Гонсалес, Emil Mandanac

Жанры: қорқынышты, триллер, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Бес дін қызметшісіне монах әйелді өлтірді деген айып тағылады. Себебі, олар әйелдің бойындағы жынды қуу үшін арнайы рәсім өткізген еді. Журналист қыз Николь бұл ерекше істі зерттеумен айналыса бастайды. Николь оқиғаға тереңірек үңілген сайын, қатысы бар болып шығады. Бойжеткен шіркеу қызметкерлерінің арғы жақтағы зұлымдықтан жеңіліп қалғанын түсінеді.

 

«6 фут тереңдікте»

Қазақстандық тұсаукесер: 12.10. 2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Скотт Во

Рөлдерде: Джош Хартнетт, Сара Дюмон, Мира Сорвино, Нэйтан Стивенс

Жанры: драма, экшн

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Эрик Лемарк бұрын хоккей жұлдызы болған. Өмірдің қызығын сезінбеген ол есірткіге әуес болып, сноубордпен айналысады. Алдағы дауылға орай Маммос тауларындағы трассаны жайып тастаған кезде, Эрик соңғы рет төмен түсуді ойлайды. Сол кезде осы жағдайдың кесірінен мұз арасында өмірі үшін арпалысатынын сезбеген еді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер