È

Апта тұсаукесерлері: Көктемдегі дүрлігу

Апта тұсаукесерлері: Көктемдегі дүрлігу

Көктемнің алғашқы күндері қазақстандықтардың назарына «Всё из-за мужиков» отандық комедиясы ұсынылады, соңғы болып Хью Джекман Росомахтың рөлінде ойнайтын «Логан» фильмі мен Мэттью МакКонахи түскен «Золото» триллері көрсетіледі.

«Всё из-за мужиков»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.03.2017

Елі: Қазақстан, 2016

Режиссер: Виктор Бормотов

Рөлдерде: Мұрат Бисенбин, Тәуекел Мүсілім, Жәния Джуринская, Данияр Алшинов, Сая Оразғалиева, Әсел Ақбарова, Темірлан Асылбеков

Жанр: комедия

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Арман, Тұрсынбек және Тима үшеуінеи ғана жер бетіндегі еркек болуға мүмкіндік берілді. Күндердің күнінде олар әйелдер әлемінде оянады, әйелдер оларды аймалауға, махаббатқа бөлеуге әзір. Алайда бір шарт бар: олар нәзікжандылардың барлық қалауын орандаулары тиіс. Еркектерге арналған жұмақ олар тозаққа айналуы әбден мүмкін.

«Логан»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.03.2017

Елі: АҚШ, 2017

Режиссер: Джеймс Мэнголд

Рөлдерде: Хью Джекман, Патрик Стюарт, Дафни Кин, Бойд Холбрук, Стивен Менчант

Жанр: боевик, фантастика, драма

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Оқиға 2024 жылы болған. Люди Икс жаулары Натаниэл Эссекстің корпорациясы күшейе түседі. Ақтық айқастан қашып құтылу мүмкін емес. Қарсы соққы жасау үшін Чарльз Ксавьер Логаннан көмек сұрады. Алайда Логан болашақ туралы ойлағысы да келмейді.

«Золото»

Қазақстандық тұсауесер: 02.03.2017

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Стивен Гейган

Рөлдерде: Мэттью МакКонахи, Брайс Далас Ховард, Эдгар Рамирес, Тоби Кеббелл

Жанр: триллер, шытырман оқиға, драма

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Кенни Уэллс өз арманы үшін көп нәрсеге дайын адамдардың бірі. Өзінің бар мүлкін сатып ер адам Индонезияға аттанады. Кейіпкер ол жақта алтынның кені бар екеніне сенімді. Кенниді ну ормандар еліне ұмытылмас саяхат күтіп тұр.

«Одноклассницы: Новый поворот»

Қазақстандық тұсаукесер: 02.03.2017

Елі: Ресей, 2017

Режиссер: Дмитрий Суворов

Рөлдерде: Светлана Хотченкова, Екатерина Вилкова, Ольга Кузмина, Дмитрий Хрусталев, Арарат Кещян

Жанр: комедия

Жасына қарай шектеу:16 жасқа дейін

Даша әрбір қыздың өмірінде болатын маңызды күнге, үйлену тойына дайындалып жатыр. Қалыңдық барлығын жоспарлап қойған, той қалыпты өтуі тиіс. Алайда бір қате жасалған қадам жағдайды өзгертіп жібереді, үйлену тойы болмай қалуы да мүмкін.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

28 февраля 2017, 12:24

"Логан" нужно не пропустить. Все таки в последний раз Джекман играет Россамаху

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер