È

Апта тұсаукесері: Қиялды қосамыз

Апта тұсаукесері: Қиялды қосамыз

10 мамырдан бастап кинотеатрларда бірден екі қазақстандық фильм айналымға шығады – «Бақсы дуасы» триллері және «Ең сұлу» комедиясы. Көрермендердің қиялдарын «Долылық» және «Өлім музасы» триллері, «Анон» фантастикасы және «Статус: Жаңарды» фэнтезиі жандандыра түседі.

 

«Бақсы дуасы»

Қазақстандағы көрсетілімі: 10.05.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Бақтияр Сейтқазиев

Рөлдерде: Еламан Есентаев, Аяна Құсайынова, Руми Назаров, Әзиз Бейшеналиев

Жанры: психологиялық триллер, детектив

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Гиз есімді жігіт жұмыс бабымен Алматыға келеді. Тапсырыс берушіден тапсырыс алған ол желідегі кісі өлімімен байланысты бейнежазбаны байқап қалады. Көп ойланбастан жігіт тергеу жүргізуге кіріседі. Роликтің авторын білуге тырысқан әрекетінің салдары бақылаудан шығып кетеді.

 

«Ең сұлу»

Қазақстандағы көрсетілімі: 10.05.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Қанағат Мұстафин

Рөлдерде: Қуаныш Долдаев, Әсел Асқар, Берік Айтжанов, Мұрат Бисенбин, Асан Мәжит

Жанры: комедия, қылмыстық

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Саматтың жасы отызға келген және оның отбасын құруға асығуы керек. Арманындағы қызды жолықтырсам деген оймен ол достарымен бірге үлкен қалаға аттанады. Бірақ кейіпкерлерді тосын жағдайлар күтіп тұр: оларды антиквар құмыраны ұрлады деп айыптап, іздестіре бастайды.

 

«Долылық»

Қазақстандағы көрсетілімі: 10.05.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Дэннис Илиадис

Рөлдерде: Тофер Грейс, Патришия Кларксон, Каллэн Мулвей, Робин Томас

Жанры: қорқынышты, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильм кейіпкері ұзақ уақыт психикалық емханада емделіп, үйіне оралады. Өзіне мұраға қалған отбасылық мүлкі оның бақытты өмірінің бастауы болуы тиіс еді. Бірақ, жекежайда түсініксіз оқиғалар орын алады. Мүмкін, бұл кейіпкердің өз қиялы шығар?

 

«Құбыжыққа арналған сұлу»

Қазақстандағы көрсетілімі: 10.05.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, Люксембург, АҚШ, 2017

Режиссері: Хайфа Альм-Мансур

Рөлдерде: Эль Фаннинг, Бен Харди, Бел Паули, Дуглас Бут

Жанры: драма, мелодрама

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Картина жазушы Мэри Годвин жайлы баяндайды. Ол ақын Перси Шеллимен танысқаннан кейін, өзінің жаңа «Франкенштейн, немесе Заманауи Прометей» романының идеясымен бөліседі. Сол кезде ол өзінің шығармасы оны әлемге танымал автор ететінін елестете де алмады.

 

«Статус: Жаңарды»

Қазақстандағы көрсетілімі: 10.05.2018

Мемлекеті: Қытай, Канада, АҚШ, 2018

Режиссері: Скотт Спир

Рөлдерде: Росс Линч, Оливия Холт, Харви Гильен, Кортни Итон

Жанры: фэнтези, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Кайлға да көптеген жастар секілді Желідегі оқырмандары мен жинаған лүпілі өте маңызды. Күтпеген жерден оның қолына кез келген жазбасы тез таралып кететін иесі бар смартфон түседі. Енді, Кайлға бүкіл әлем оның табанының астында секілді көрінеді. Дегенмен, үнемі көпшіліктің назарында жүру оңай шаруа емес.

 

«Анон»

Қазақстандағы көрсетілімі: 10.05.2018

Мемлекеті: Германия, АҚШ, 2018

Режиссері: Эндрю Никол

Рөлдерде: Аманда Сайфред, Клайв Оуэн, Колм Фиор, Джо Пинг, Соня Уолгер

Жанры: фантастика, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Көрермендерге жеке өмірі жоқ адамдар мен олардың әрекеттері толық бақылауда болатын болашақ қоғамды ұсынады. Полиция қызметкері оған жаңа дәуірдегі қылмыстық әлемге жол ашатын қызды кездестірмей тұрғанда, осындай тәртіпте құқық бұзушылық пен қылмысқа орын жоқ секілді көрінеді.

 

«Өлім музасы»

Қазақстандағы көрсетілімі: 10.05.2018

Мемлекеті: Испания, Ирландия, Бельгия, Франция, 2017

Режиссері: Жауме Балагуэро

Рөлдерде: Эллиот Кауэн, Франка Потенте, Ана Улару, Джоэнн Уэлли

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Әдебиет профессоры Самуэль бірнеше күн бойы белгісіз әйелдің өліміне қатысты түс көреді. Ол түсіндегі әйелдің шынымен де өлі екенін анықтамайынша, түсіне аса мән бермейді. Таңырқаған профессор өзінің музасына жақындататын сұрақтардың жауабын іздестіре бастайды.

 

«Айла:Соғыс қызы»

Қазақстандағы көрсетілімі: 09.10. 2018

Мемлекеті: Түркия, 2017

Режиссері: Джан Улкаи

Рөлдерде: Четин Текиндор, Исмаил Хаджиоглу, Ким Соль, Ли Кён Чжин, Али Атай

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Түрік әскерінің қолбасшысы Сүлейман Корей соғысы кезінде орманнан кішкентай корей қызын тауып алады. Тағдырдың сынағымен қызды жалғыз тастап кеткен. Сүлейман оны өзімен алып кетеді және оған Айла деп ат қояды. Бір кезде жалғыз болған екеуі уақытша болса да отбасы болып өмір сүреді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер