È

Аптадағы тұсаукесерлер: Барлығы махаббат туралы

31 тамыздан басталған апта тұсаукесерлері

Осы аптада телекөрермендер көптеген киножаңалықтарға қанық болады. Тарихи тылсымды жақсы көретіндер «Гоголь. Бастама» фантастикалық триллерін көре алады, романтикалық хикаяларды бағалайтындар «Махаббат туралы. Тек ересектерге арналған» атты комедиясын тамашалайды. Ал ең кішкентай көрермендерге «Мысықтар тобы» анимациялық таспасы көрсетіледі.


«Махаббат туралы. Тек ересектерге арналған»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.09.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссерлары: Нигина Сайфуллаева, Павел Руминов, Наталья Меркулова, Резо Гигинеишвили, Евгений Шелякин, Алексей Чупов, Анна Меликян

Рөлдерде: Джон Малкович, Анна Михалкова, Гоша Куценко, Юрий Колокольников, Фёдор Бондарчук, Виктория Исакова, Ингеборга Дапкунайте, Равшана Куркова, Александр Паль, Максим Матвеев

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Кинотаспадағы оқиға жазғы Мәскеуде болған. Қала тұрғындары жаңа дүниелерді үйренуге құштар. Дегенмен, ерекше мәскеуліктер махаббат туралы дәрістерге қызығушылық танытады.

«Әпкелі-сіңлілі 7-дің құпиясы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.08.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, Франция, Бельгия, АҚШ, 2017

Режиссері: Томми Виркола

Рөлдерде: Нуми Рапас, Уиллем Дефо, Гленн Клоуз

Жанры: триллер, фантастика

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Әр жанұяда бір балаға ғана рұқсат берілген, осыны көз алдыңызға елестетіңізші. Осындай біртүрлі әлемде бірден жеті қыз дүниеге келеді. Ата-аналар алты баласының барын құпия ұстауға тырысады. Әр қызды аптаның әр күнімен атауды ұйғарады. Бір күні аяқ астынан Дүйсенбі жоғалып кетеді, осы кезде отбасылық жұп өздерінің құпиясын біреудің біліп қойғанын сезе бастайды.

«Квест»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.08.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Питер Дьюкс

Рөлдерде: Скит Ульрих, Шон Янг, Кристин Донлон, Рэнди Уэйн, Мэтт МакВэй, Эшли Галлегос, Хейли Голдштейн, Ияд Хаджджадж, Тейлор Джон Пидмонт

Жанры: қорқынышты фильмдер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Картинадағы басты кейіпкерлер – қандағы адреналин көлемін көбейткісі келетін жастар, олар сұмдық квесттен өтеді. Бірақ, балалар қорқынышты қанішер-маньякпен бірге квеструмға қамалады. Олар барлық бас қатырғышты шешіп, соңына дейін бара ала ма?

 

«Ұрдажық: Эпикалық илеу»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.08.2017

Мемлекеті: Канада, 2017

Режиссері: Джей Барушель

Рөлдерде: Шонн Уильям Скотт, Джей Барушель, Элиша Катберт, ТиДжей Миллер, Уайатт Расселл, Лив Шрайбер, Элисон Пилл, Ким Коутс, Каллум Кит Ренни, Марк-Андре Гронден

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Картина «Ұрдажық» кинотаспасының сиквелі болып табылады, туынды хоккей ойынын ойнауды армандайтын жігіттің хикаясын жалғастырады. Бұл жолы ұрдажық өте қауіпті қарсыласпен бетпе-бет келеді, оны жеңу үшін жас жігіт күтпеген серіктеспен бірігуі қажет.

 

«Мысықтар тобы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.08.2017

Мемлекеті: Мексика, 2017

Режиссері: Андрес Кутерье

Рөлдерде: Дэрин Де Пол, Бен Дискин, Дэвид Хоффман, Мариев Херингтон, Дэвид Боат, Крис Эджерли, Джейсон Харрис, Билл Лобли, Хоуп Леви, Гилберт Боус

Жанры: мультфильм, отбасылық фильм

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Анимациялық таспадағы хикая Манхэттен көшелерінде болған, ол жақта мысықтар тобы қылмысты тоқтатуға тырысады. Жігіттер қылмысты зерттеуге кіріседі, оларды жұмбақ Кроко мырза басқарады. Ержүрек мысықтар тобы зұлымдыққа қарсы тұрып, қала тұрғындарына тыныштықты қайтара ала ма?

 

«Гоголь. Бастама»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.08.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Егор Баранов

Рөлдерде: Александр Петров, Олег Меньшиков, Евгений Сытый, Таисия Вилкова, Артем Ткаченко, Юлия Франц, Евгений Стычкин, Ян Цапник, Сергей Бадюк, Марта Тимофеева

Жанры: шытырман оқиға, триллер, детектив

Жас жазушы Николай Гогольды тамаша тергеуші Гуромен бірге жас қыздардың өлімін зерттуге Полтавщинаға жібереді. Бірақ, жас жазушы сол мекеннің қорқыныштарына қарсы тұра ала ма екен? Өйткені, тұрғындар барлық қыздарды өлтіріп жүрген шайтанның барын айтады.

 

«Хэвенхерст»

Қазақстандағы тұсаукесер: 31.08.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2016

Режиссері: Эндрю С. Эрин

Рөлдерде: Джули Бенц, Белль Шусе, Джош Стэмберг, Даниэль Харрис, Дуглас Тейт, Мэтт Ласки, Дендри Тейлор, Тоби Хасс, Дженнифер Бланк, Финола Флэнаган

Жанры: қорқынышты фильмдер, триллер, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Картинадағы басты кейіпкер бірнеше жыл бойы алкогольді тәуелділіктен емделіп жүреді. Джекки автоапатта қайтыс болып кеткен туған қызының өлімін мойындағысы келмейді. Алқаш сұмдық қожайынның жетекшілігімен өмір сүріп жүрген төмен адамдармен бірге тұрады. Джеккидің өмірінде біртүрлі оқиғалар бола бастайды, оның барлығына зұлым үй кінәлі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер