È

Аптадағы тұсаукесерлер: Адамдардың ойдан шығарғандары

23 тамыздан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл апта отандық киноайналымды 8 фильммен толықтырмақ. Үлкен экранға адам мен иттің арасындағы достықтың бастауы болған хикая, көптен күткен «Альфа» фильмі, беті жоқ жаратылыс жайлы баяндайтын «Слендермен» хорроры және Такеши Китаноның «Соңғы былық» атты өткірсюжетті атыс-шабыс фильмі шығады. «Ханшайым мен айдаһар» және «Вилли мен керемет көліктер» мультфильмдері арқылы балалармен көңілді демалысты өткізуге болады.

 

«Слендермен»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.08.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Сильвен Уайт

Рөлдерде: Джои Кинг, Джулия Голден Теллес, Жасмин Сабино, Анналиса Бассо

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Шерлі костюм киген арық мүсін Слендермен жайлы көптеген қорқынышты хикаялар бар. Бірақ, қала әңгімешілдерінің айтқандарының шындық екенін ешкім білмеген еді. Оның шынайы өмірде бар екеніне қатысты күмән жақын арада сейіледі. Кішкентай қалашықтың тұрғындары бірінен кейін бірі із-түзсіз жоғала бастайды.

 

«Ханшайым мен айдаһар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.08.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Марина Нефедова

Рөлдерде: Ани Лорак, Ирина Киреева, Сергей Смирнов, Василий Дахненко

Жанры: мультфильм, фэнтези

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Жас ханшайым Варвара ылғи түнде өзі оқитын ертегілер әлемінің біріне тап болуды армандайды. Патшалық кітапханада жүріп, кішкентай қыз сиқырлы кітапшаны тауып алады да, сол арқылы сиқырлар әлеміне енеді. Варвара таңғажайып жануарлармен танысып, жаңа достар табады.

 

«Көгілдір игуана»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.08.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2018

Режиссері: Хади Хаджэйг

Рөлдерде: Сэм Рокуэлл, Бен Шварц, Саймон Кэллоу, Фиби Фокс

Жанры: триллер, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Алаяқтар әрі айырылмас достар Эдди мен Пол мезгілдерінен бұрын түрмеден шығады. Жігіттер кішігірім дәмханаға орналасып, күнделікті күйбең тірлікке көнгендей болды. Алайда, дәмханаға Кэтрин Руквуд келіп, жігіттерге жұмыс ұсынады. Эдди мен Пол Лондонға барып, жалғыз гауһар тас – «Көгілдір игуананы» ұрлап әкелулері тиіс.

 

«Альфа»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.08.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Альберт Хьюз

Рөлдерде: Коди Смит-Макфи, Наташа Мальте, Леонор Варела, Йенс Хультен, Патрик Флэнеган

Жанры: драма, шытырман

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Фильмдегі оқиға Жер жиырма мыңжылдықты кешіп жатқанда болған. Ғаламшарда мәңгілік мұз орнаған, ал адамдарды әр бұрышта қауіп күтіп тұрды. Өзінің жамағайынынан қалып қалған жас аңшы үйге барар жолды іздейді. Жолда жаралы қасқырды жолықтырады. Бұл кездесу үлкен достықтың басталуына себеп болады.

 

«22 миля»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.08.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Питер Берг

Рөлдерде: Марк Уолберг, Лорен Кохэн, Ико Уйас, Ронда Раузи, Карло Альбан

Жанры: атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

«Елес» ақсүйектер жасағының агенті маңызды тапсырмаға ие болады: ол жоғары саяси ортадағы жемқорлыққа қатысты ақпаратты білетін адамды Индонезиядан шығарып алуы тиіс. Бірақ, мұны жасау оңай емес. Дұшпандар жоспарды бұзып, бар тәсілмен ақпаратты білетін адамды өлтіруге тырысады.

 

«Соңғы былық»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.08.2018

Мемлекеті: Жапония, 2017

Режиссері: Такеши Китано

Рөлдерде: Такеши Китано, Тосиюки Нисида, Тацуо Надака, Рен Осуги

Жанры: драма, қылмыстық фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Якудза басшысы Отомо зейнетке шыққан соң, кішігірім қонақ үйіне қарап, Чеджу аралына тұрақтайды. Кенеттен оған қонаққа ескі досы – Ханабиси әулетінің якудзасы келіп, Отомоның көмекшісін өлтіреді. Еркекке әділдік орнату үшін қайтадан қолына қару алуға тура келеді.

 

«Артемида» қонақ үйі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.08.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, 2018

Режиссері: Дрю Пирс

Рөлдерде: Джоди Фостер, София Бутелла, Джефф Голдблюм, Дженни Слейт

Жанры: атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Ерекше топтың қылмыскерлері емделу әрі демалу мақсатында «Артемида» қонақ үйіне келеді. Әдеттегі тыныштықты жаңа клиенттер жұбы бұзады, олар қылмыс беделін өздерімен бірге ертіп әкеледі. Үлкен бастық тұмсығының астынан алып кеткен дүниені қайтаруға тырысады.

 

«Вилли және керемет көліктер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 23.08.2018

Мемлекеті: Малайзия, 2018

Режиссері: Юсри Абдул Халим

Рөлдерде: Гэвин Яп, Фрэнсис Ли, Брок Пауэлл, Джей Шелдон

Жанры: мультфильм

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Вилли – спорт көлігі, оны жарыстарда керемет табыс күтіп тұрды. Соңғы жарыста Вилли көлікті дұрыс тізгіндей алмай, өзенге құлап, жарақат алады. Жарысшы қарапайым такси жүргізушісіне айналды. Бірақ, итальяндық көлік Белламен кездескен соң, оның өміріне жаңа леп енеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса