È

Аптадағы тұсаукесерлер: Жұлдызды оқиғалар

24 мамырдан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл апта көрермендер үшін «Тақтардың ойыны» картинасының жұлдызы Эмилия Кларктың қатысуындағы «Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» аңызының, «Шимай дәптер» ресейлік фэнтезиінің және мектеп бітіру кеші жайлы «Жыныстық қатынас болмайды!!!» американдық комедиясының шығуымен есте қалмақ. Қазақстандықтарды барлығы 7 жаңа кино күтеді.

 

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих»

Қазақстандағы тұсаукесер: 24.05.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Рон Ховард

Рөлдерде: Олден Эренрайк, Йонас Суотамо, Эмилия Кларк, Дональд Гловер

Жанры: фантастика, атыс-шабыс фильмі

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Оқиға ортасында жас Хан Соло және серіктесі Чубакки. Көрермендерге олардың Оби-Ван Кеноби және Люк Скайуокермен таныспай тұрған кездегі хикаялары баяндалады.

 

«Бақыт! Денсаулық!»

Қазақстандағы тұсаукесер: 24.05.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссерлері: Марк Горобец, Арман Марутян, Леонид Марголин

Рөлдерде: Зоя Бербер, Камиль Ларин, Марина Федункив, Сергей Аброскин, Наталья Рудова

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильм кейіпкерлері – үйлену тойларына дайындалып жатқан үш жұп. Біреулер үшін үйлену тойы – ақша жинау мүмкіндігі болса, басқалары үшін таусылмайтын қиындық секілді. Дегенмен, ұзақ күткен күн де келіп жетеді де, барлығының астан-кестеңі шығады.

 

«Әзәзіл шеңбері»

Қазақстандағы тұсаукесер: 24.05.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Кевин Гротерт

Рөлдерде: Дебора Кара Ангер, Стивен Дорфф, Джонатан Шек, Алисса Джулия Смит, Челси Рикеттс

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Ерлі-зайыптылар жалғыз ұлдарын құпия сектадан шығарып алуға тырысады. Балаларын үйге қамап қойып, өздері оккульт ғылымдарының маманына жүгінеді. Алайда, сектанттар өздерінің жаңа мүшесін оңайлықпен жібергілері келмейді.

 

«Керемет ханзада»

Қазақстандағы тұсаукесер: 24.05.2018

Мемлекеттері: АҚШ, Канада, 2018

Режиссері: Росс Венокур

Рөлдерде: Деми Ловато, Ниа Вардалос, Эшли Тисдейл, Аврил Лавин

Жанры: мультфильм, мюзикл

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Патшалықтағы әрбір қыз керемет ханзадаға ғашық. Оның бар құпиясы ханзаданың ерекше дарынында – ол барлығын бір ғана көзқарасымен ғашық ете алады. Бірақ, ғажайыптың аяқталатын күні болады: жігіт 21 жасқа толғанда, дарыны жоғалып кетеді. Сол кезге дейін ол шынайы махаббатын іздеп табуы тиіс.

 

«Садко»

Қазақстандағы тұсаукесер: 24.05.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссерлері: Максим Волков, Виталий Мухаметзянов

Рөлдерде: Мария Шалаева, Любовь Аксенова, Михаил Ефремов, Екатерина Варнава

Жанры: мультфильм, комедия

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Садко – гуслиде тамаша ойнай алатын сүйкімді көңілді жігіт. Жігіт ғашық болып қалады, ол сүйіктісі үшін барлығына әзір. Тіпті, Садко теңіз түбіне барып, Барракуда мыстанмен күресуге дейін барады.

 

«Жыныстық қатынас болмайды!!!»

Қазақстандағы тұсаукесер: 24.05.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Кэй Кэннон

Рөлдерде: Джина Гершон, Лесли Манн, Кэтрин Ньютон, Джон Сина

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Үш құрбы көптен күткен бітіру кешіне дайындалады, бұл түні олар пәктігінен айырылуды жоспарлаған болатын. Қыздарының жоспарынан аяқ астынан хабардар болған ересектер балаларын асығыстық шешімнен аластатуға тырысады. Кейіпкерлер көптеген шиеленісті жағдайлармен бетпе-бет келеді.

 

«Шимай дәптер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.05.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Сергей Мокрицкий

Рөлдерде: Никита Волков, Евгений Ткачук, Ольга Боровская, Юлия Пересильд

Жанры: фантастика

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Бір күні Кирилл туыстары мен таныстарының есінен шығып кеткенін түснеді. Белгілі болғандай, жігіт маңызды тапсырма үшін таңдалыпты – ол параллель әлемдер арасындағы делдал болуы тиіс. Кирилл көптеген нәрсені біліп, «Бұл Әлемді кім басқарады?» деген басты сауалға жауап табуға тырысады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер