«Кинематография туралы» заң қабылданды
ҚР Парламенті Сенатының пленарлы отырысында «Кинематография туралы» заң қабылданды. Бұл заңның жобасы отандық кинематографтың жағдайын жақсартып, ұлттық киноның дамуын жеделдету қажет.
Отырыс барысында құжаттың негізгі міндеттерінің барлығы айтылды – біріншісі, ұлттық картиналар өндірісін қолдау, екіншісі – ауқымды айналыммен қамтамасыз ету, үшіншісі – қазақстандық фильмдерді халықаралық аренаға шығару.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметі негізінде коммерциялық емес акционерлік қоғам формасында ұлтық киноны қолдайтын қор құру заңның маңызды тармағы болып табылады.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, аталмыш ұйым отандық таспалар киноөндіріне, айналымға, көрсетілімдер мен дамытуға бөлінген бюджетті және бюджетті емес қаржыны үлестіру үшін қажет.
«Ұсынылған нормаларға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар фильмдер өндірісіне 100% мемлекеттік қаржылай қолдауға ие болған адамдар айналымнан түскен кірістің 20%-ын Киноны қолдау қорына жіберуге міндетті. Қалған алушылар қаржылай қолдаудың мөлшерлес пайызды ара салмағы көлемінде қаржыны қайтаратын болады. Қайтарылған барлық қаржыны Қор жаңа жобалар өндірісіне бағыттайды, бұл көптеген картиналар түсіруге мүмкіндік береді. Қайтарымның нақты алгоритмі заңға сәйкес актпен бекітіледі», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Бұдан бөлек, депутаттар «Қазақстан Республикасының кинематографияға қатысты кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Аталмыш құжат қазақстандық фильмдердің өндірісі мен айналымы үшін салықтық жеңілдіктерді қарастыратын Салық кодексіне өзгеріс енгізе алатын мемлекеттік билік пен жергілікті атқарушы органдардың, заңды және физикалық тұлғалардың арасындағы қоғамдық қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін