È

«Мұзбалақ» анимациясының өндірісі жалғасуда

 «Мұзбалақ» анимациясының өндірісі жалғасуда

«Қазақфильм» киностудиясы «Мұзбалақ» анимациялық картинасын өндіріске жіберді. Отандық мультфильмнің режиссерлері Тұрдыбек Майдан және Тлек Төлеуғазы. Картина ҚР Мәдениет жіне спорт министрлігінің тапсырысымен түсіріліп жатыр.

«Мұзбалақ» фильмінің өндірісіне 170 миллион теңге бөлінді. Режиссер Тұрдыбек Майданның айтуынша, бұл қаржы жетпеуі де мүмкін.

«Айта кету керек, бөлінген қаржының 55% автоматты түрде салық пен басқа да шығындар. Нәтижесінде таза жұмысқа 70-80 миллион теңге қаржы қалады. Жоба аяқталар кезде қосымша қаржы қажет боп қалуы әбден мүмкін. Мысалы, «САҚ» студиясының сәтті шыққан «Қазақ елі» анимациялық фильміне 370 миллион теңге жұмсалды», - дейді режиссер.

«Мұзбалақ» мультфильмі Ақтай атты бала мен оның мақтаншақ досы Шегір жайлы. екі дос кезінде ауылды айдаһардан құтқарған ана қыранды іздеуге аттанады. Араға жылдар салып ауылға айдаһар қайта оралады, ол тіпті бұрынғыдан да қуаттанып алған.

«меніңше, кез келген фильмнің сәтті шығуы біріншіден, режиссердың идеясына, жұмысына байланысты, екіншіден, мемлекеттің қолдауы керек. Мысалы, Қытайда прокатқа ұлттық анимациялық фильмдер шыққан кезде басқа шетелдің фильмдер прокатан алынып тасталады. Ал бізде жағдай басқа: отандық фильмдер ыңғайсыз уақыттарға қойылады. Сондай-ақ көрермен де түсінуі керек, ұлттық кино– өскелең ұрпақты тәрбиелейтін бірден бір құрал, мұнда біздің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріміз бен мәдениетіміз жатыр», - дейді Тұрдыбек Майдан.

«Мұзбалақ» фильмінің шығармашылық тобы 22 отандық жетекші маманнан құрылған, олар өз жұмытарында 7 бағдарламаны пайдалануда. Авторлардың айтуынша, картина 2D форматында түсірілгенімен, онда 3D форматындағы кадрлар болмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер