È

Clique Film Fest бағдарламасы

 Clique Film Fest бағдарламасы

11-і мен 23 қарашада Алматыда үшінші Clique Film Fest байқауы өтеді. Биылғы жылы кинофестиваль бағдарламасына бес секция кірді: «Дэвид Линчтің ретроспективасы», «Жаңа Британдық кино», «Солтүстік Корея Күні», «Диптих «Жер» және «Негізгі бағдарлама».

Іс-шараға арнайы гшақырылған қонақтар Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы Unifrance маманы Жоэль Шапрон, ол өзінің «Французский кинотеатр. Аншлаг длиною в век» кітабы туралы әңгімелеп береді және киносыншы Антон Долин ағайынды Дарденн шығармалары мен «Неизвестная» фильмін таныстырады. Фестивальға кино- және театры режиссер Мортен Траавик Солтүстік Кореяда түсірілген «День освобождения» фильмімен келеді.

Киносыншы Антон Долин

Clique Film Fest байқауының маңызды бөлімінің бірі «Турксиб» (1929) фильмінің жаңарған нұсқасы. Көрсетілім кезінде Қуат Шілдебаевтың шығармаларын оркестр орындайды.

Фестиваль күндерінде 24 кинокартина көрсетіледі, олардың арасынжа: Дэвид Линчтің «Твин Пикс: Огонь, иди за мной» және «Синий бархат», Ксавье Доланның «Это всего лишь конец света», Келли Райхардтың «Несколько женщин» және Екатерина Суворованың «Завтра море» фильмдері.

Авторлық кино фестивалінің ұйымдастырушылары - Наргиз Шүкенова және Борис Байков.

Билеттер 24 қазанда сатылымға шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер