È

Qazaqstan «Үзілмес үміт» хикаясын ұсынады

Qazaqstan «Үзілмес үміт» хикаясын ұсынады

Бүгін, 3 қаңтар күні Qazaqstan телеарнасының эфирінен «Үзілмес үміт» хикаясы көрсетіле бастайды. Бірінші хикаяның көрсетілімі сағат 21:35-те болады.

«Үзілмес үміт» хикаясы Айя есімді бойжеткеннің әсерлі оқиғасын баяндайды. Ол бала кезінен бері балалар үйінде тәрбиеленеді, сол жақтан оны Американдық жұп асырап алады. Жылдар өте келе Айя туған анасын іздеу мақсатында Қазақстанға оралады. Іздеу барысы ұзаққа созылуы мүмкін, себебі оның қолында анасының хатынан басқа ештеңе жоқ.

Кейіпкер Айяны Гүлназ Жоланова сомдады. Актриса көрермендерге «Махаббатым жүрегімде», «Құстар әні» және «Сүйе білсең» телехикаялары арқылы таныс. Ал іздеудегі ананың рөлін Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы арқылы танылған Алтынай Нөгербек сомдады.

Сондай-ақ, хикаяға Мейірғат Амангелді, Ирина Тен және Жансұлтан Сәбет түсті.

Көпсериялы драманың режиссері - халықаралық кинофестивальдердің жүлдегері Ерлан Нұрмұхамбетов («Жаңғақ тал»). Телефильмнің бас продюсері - Нұрлан Қоянбаев.

 

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:17

О да, сериал просто шикарный, и одновременно необычный. Стиль, история, жизнь. Все красиво. Я продолжаю смотреть.

Даник

15 января 2018, 02:54

Жақсы хикая екен. Тастанды балалардың тағдыры шынайы бейнеленген.

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер