«Раненый ангел» қанатын кеңге жаяды
Эмир Байгазинің «Раненый ангел» фильмі Словакияның Кошица қаласындағы Халықаралық кино фестивалінде көрсетіледі. Қазақстандық лента еуропалық және таяу шығыс елдері режиссерлерінің 13 фильмімен сайысқа түседі.
«Раненый ангел»,Германия және Франция мамандарымен бірлесіп түсірілген, Шілде айының басында фильм Тайваньдағы Тайпей кино фестиваліне аттанады. Онда Байгазиннің картинасы New Talent Competition байқау бағдарламасына қатысады. Мұнда әлемнің дарынды кинемотографистері жиналады.
_8u0u.jpg)
«Раненый ангел» фильмінен кадр
26 және 30 шілде аралығында «Раненый ангел» Жаңа Зеландиядағы ХКФ-да «Тың көзқарас» секциясында көрсетіледі.
Бұған дейін фильм Чунджоудағы байқауда қазылардың арнайы жүлдесіне ие болған, ARTE телеарнасының марапатын және Сараеводағы CineLink кинофестивалінің жүлдесін де иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық тұсаукесер 13 мамырда болды, ал әлемдік тұсаукесері - 16 ақпанда Берлиндегі Халықаралық кино фестивальда болды. Отандық режиссер әрі сценаристің Франция және Америка тұрғындары да бағалады.
Әйгерім Қасқыр
Тақырып бойынша:
Мировая премьера «Раненого ангела» Эмира Байгазина







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін