È

Рашид Нұғыманов: «Біз «Инені» экранға шықпайды деп ойладық»

Рашид Нұғыманов: «Біз «Инені» экранға шықпайды деп ойладық»

26 шілдеден бастап Астана мен Алматыда басты рөлді Виктор Цой сомдаған «Ине» фильмнің өңделген нұсқасы көрсетіле бастайды. Картина таспаның 30-жылдығына орай Chaplin Cinemas-тің ұйымдастыруымен шектеулі айналымға шығады.

«Ине» фильмі 1988 жылы құрылған, бірақ кейіпкер Моро отандастарымызға бүгінгі күнге дейін жақсы таныс. Картина авторлары жұмыстарының кинематограф тарихында қалатынын сезді ме екен, бұл сұраққа қоюшы-режиссер Рашид Нұғыманов жауап берді.

«Ашығын айтқанда, Біз «Инені» экранға шықпайды деп ойладық. Сондықтан, өз арамызда ешкімге қарамай, барлығын қалауымызша жасаймыз деп келісіп алдық. Дегенмен, халық сұранысын қанағаттандыратын жоба жасап жатқанымызды білдік. Себебі, «Кино», «Аквариум» және «Зообақ» топтарының музыкасын таратқан орта жасырын әрекет еткен: жазбалар қолдан-қолға өтіп, көшіріліп жүрді. Егер «Ине» кинотеатрға шықпаса, сол ортада кеңінен таралатынын түсіндім. Біз соған дайын болдық, бірақ кенеттен бізге айналымда көрсетуге рұқсат берді», - деді Рашид Нұғыманов.

«Ине» фильмінің түсірілімі
«Ине» фильмінің түсірілімі

Кинотаспаны өңдеу идеясы Рашид Мұсаұлына 2000-жылдың соңында келген. «Қазақфильммен» картина құқығы жайлы келіскен қоюшы Мәскеуге бырып, жұмысты бастап кетеді. Жұмыс ұзаққа созылды, өйткені әр кадрды жеке-жеке өңдеу керек болды.

21-ғасырдың экранынан фильмнің қалай көрінетінін сценарий авторы Бақыт Қилыбаев айтып берді.

«Мен кенеттен осы хикаяны қазіргі күнге балайтын көптеген кодтарды байқадым. Әлемнің өзгере қоймағанын нақты түсіндім. Ересектер бұл әлемнің жастар үшін қорқынышты емес, ыңғайлы болуы үшін жауапты. Мұны сол кездегі үлкендер жасай алмап еді, өкінішке қарай, қазір де солай. Оның үстіне, өзгерісті қалау қазір де өзекті. Біз әлемнің қашан мейірімді болатынын күтіп жүрміз. Біз әлі сол өзгерістерді күтудеміз. Фильмге өз балаларымды алып келмекшімін. Мен үшін осы фильм арқылы солармен тілдесу өте қызықты», - деді драматург.

«Ине» фильмінен көрініс
«Ине» фильмінен көрініс

«Ине» фильмі эксклюзивті түрде Chaplin Mega Park және Chaplin Khan Shatyr кинотеатрларынан көрсетілмек.

Фильмнің айналымда қаншалықты болатыны бегісіз. Ұйымдастырулардың айтуынша, барлығы көрермендерге байланысты.

 

Превью: dknews.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер