È

«Ине» фильмі шектеулі айнылымға шығады

«Ине» фильмі шектеулі айнылымға шығады

26 шілдеден бастап Рашид Нұғымановтың басты рөлді Виктор Цой сомдаған белгілі «Ине» картинасының өңделген нұсқасы айналымға шығады. Фильм көрсетілімі эксклюзивті түрде екі кинотеатрда – Алматыдағы Chaplin Mega Park-та және Астанадағы Chaplin Khan Shatyr-да өтеді. Прокат таспаның жарыққа шыққанына 30 жыл толуына орай өткізілуде.

«Ине» фильмі 1998 жылы жарыққа шығып, бірден кеңестік айналымның хиті атанған болатын. Алғашқы жылы картинаны 15 миллионға жуық көрермен тамашалады. Фильм табысы оның бірегейлігі мен тақырыбының ашықтығын анықтады. Кинотаспа сюжеті Алматда өрбиді, Спартактан (Александр Баширов) қарызын алу үшін Моро (Виктор Цой) келеді. Кейіпкер ескі досы Динаның (Марина Смирнова) үйіне тұрақтайды, ал құрбысы есірткімен әуестенеді екен. Бойжеткен Мородан өзін Арал теңізіне апаруын сұрайды, сол жақта жазыда бастайды. Бірақ, үйге орала салысымен Дина баяғы әдетіне басады. Құрбысын қиындықтан мәңгіге құтқару үшін Моро есірткі сатушыларды жоюға тырысады.

Картина көрермендердің махаббатына ие болып қана қоймай, Одессадағы «Алтын Дюк» кинофестивалінде және Германияның Нюрнберг қаласындағы Халықаралық фестивальде көзге түскен болатын.

26 шілде күні Алматыда қоюшы-режиссер Рашид Нұғыманов фильмнің түсірілім тобы - Мұрат Нұғыманов, Бақыт Қилыбаев, Мұрат Мусин, Айхан Чатаева, Архимед Ысқақов, Григорий Ефимов пен Раушан Мейірмановамен бірге фильмді таныстырады.

Еске сала кетсек, биылғы жылы Алматыда Виктор Цойға алғаш рет ескерткіш орнатылған болатын. Рок орындаушының мүсіні «Ине» фильмінің соңғы көрінісі түсірілген Мұқан Төлебаев көшесінде орнатылған.

Оқырмандарға «Ине» кинотаспасының сандық трейлерін көруді ұсынамыз.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер