È

Эмир Байғазиннің «Өзені» Венеция кинофестивалінде «Арыстанға» ие болды

Эмир Байғазиннің «Өзені» Венеция кинофестивалінде «Арыстанға» ие болды

Өткен сенбіде 75-ші Венеция кинофестивалінің қорытындысы шықты. Көрсетілім жүлдегерлерінің арасында қазақстандық фильм де бар. Эмир Байғазиннің «Көкжиектер» байқау бағдарламасында таныстырылған «Өзен» картинасы «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алды.

«Өзен» кинотаспасы – Аслан жайлы трилогияның соңғы бөлімі (алдыңғылары - «Үндестік сабақтары» (2013), «Жаралы періште» (2016). - Ред.). Ағайынды бесеу ауылда тұрады. Кенеттен оларға қаладан қонақ келеді. Қонақпен танысқан соң, балалардың өмірі өзгере бастайды. Фильмге Жалғас Кланов, Жасұлан мен Руслан Өсербаевтар, Ерік Тазабеков, Бақдәулет Сағындықов және Қуандық Қыстықбаев түсті.

Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмінен көрініс
Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмінен көрініс

«Көкжиектер» байқау бағдарламасына тағы да 18 авторлық жұмыс қатысты. Ұйымдастырушылар Эмир Байғазинге «Арыстанды» жеке өз қолына тапсыра алмады, себебі режиссер «Өзенді» Торонтодағы кинофестивальде таныстыруға кеткен болатын. Оның орнына жүлдені поляк қосалқы продюсерінің өкілі Агнешка Пучило алды.

Негізгі байқаудың жеңімпазы мексикандық режиссер Альфонсо Куаронның «Рома» таспасы атанды, режиссура үшін берілетін күміс арыстанды француз қоюшысы Жак Одиар «Ағайынды Систерс» картинасы үшін иеленді.

Еске сала кетсек, сондай-ақ «Көкжиектер» бағдарламасының қысқа метр бөліміне Эльдар Шибановтың «Жыныстық қатынас, қорқыныш және гамбургерлер» фильмі қатысқан болатын.

Превью: cinemaholics.ru

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер