È

Салтанат Бақаева: «Сын айтылған сайын жұмыс істеуге ынталамын»

Салтанат Бақаева: «Сын айтылған сайын жұмыс істеуге ынталамын»

«Айман мен Шолпан» сериалының түсірілім аяқталып, экранға шыққан соң екі басты рөлді қатар ойнаған әнші әрі М.Әуезов атындағы академиялық драма театрдың актрисасы Салтанат Бақаева жоба туралы ойымен бөлісіп, кейіпкерлері туралы әңгімелеп берді.

«Жеті жыл театрда жұмыс істеген тәжірибемнен болар, екі тұрлі образды сомдау айтарлықтай қиын болған жоқ. Егер бұл жобаға осыдан 2-3 жыл бұрын қатысссам, кәсіби тұрғыдан дайын емес болар ма едім. Мақтанғым келмейді, дегенмен менің ойынынма қатысты жағымды пікірлер көп. Кез келген пікірге құлақ асамын, айтылған сынды да дұрыс қабылдаймын, сын айтылған сайын жұмыс істеуге ынтам күшейе түседі», - дейді Салтанат.

Сондай-ақ актриса өзінің көрермендерге деген өкпе-назын да айтып қалды:

«Сериалдарда тек танымал әншілер ғана түседі деген пікірлер айтылған кезде көңілің түсіп қалады, мен осындай дәрежеге жету үшін ұзақ жылдар еңбектендім. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын «музыкалық театр актрисасы» мамандығы бойынша тәмамдаған соң біраз уақыт Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында жұмыс істедім, ал қазір МүӘуезов атындағы драма театрда еңбек етемін. Енді міне, сериалда екі бірдей басты рөлді алып отырмын. Әрине, мен жауапкершілікті сезіндім және маған театр сахнасындағы тәжірибем қажетіме жарады».

Естеріңізге сала кетейік, сериалда Салтанат Бақаева Айман мен Шолпан атты егіз қыздарды ойнады.

Жұмыс күндері «Қазақстан» телеарнасынан 21.30-да сериалды тамашалап, Салтанат Бақаеваның актерлық ойынына баға бере аласыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер