È

Санжар Мәди Астана көшесінің қақ ортасында би биледі

Санжар Мәди Астана көшесінің қақ ортасында би биледі

Желіде көшедегі жүрісті реттеушінің астана көшелерінің бірінде би билеп тұрған бейнежазбасы тарап кетті. Кейін жалынды биді актер Санжар Мәдидің орындағаны белгілі болды, ал көше «ГАИ» қысқаметражды фильмнің түсірілім алаңы болған.

Астана көшесін түсірілім үшін режиссер Айдын Сахаман («Қалай да той жасау») жапқан. Фильмді қоюшы I Халықаралық Positive қысқаметражды фильмдер фестиваліне қатысу үшін түсіруде. Картинада Санжар Мәдиге («Әміре») басты рөл бұйырды, ол автомобильді жол инспекциясының қызметкерін сомдайды. Кейіпкердің жалынды биі картинадағы ең маңызды әрі қиын көріністің бірі болды.

Санжар Мәдидің facebook-тегі жеке парақшасынан
Санжар Мәдидің facebook-тегі жеке парақшасынан

Сондай-ақ, түсірілімге қазақстандық көрерменге «Ас үй» хикаясы арқылы таныс ресейлік актриса Ольга Кузьмина және Нұрдәулет ШертімҮйленгендер») қатысты.

Айта кету керек, Халықаралық Positive қысқаметражды фильмдер фестивалі Астананың 20 жылдығын тойлау аясында өтеді. Байқаудың ерекшелігі Қазақстанның алдыңғы қатарлы кинорежиссерлары мен шетелдік жұлдыздардың қатысуымен түсірілген он қысқаметражды картинаның көрсетілімі болмақ.

Positive фестивалі астанада 25-26 қыркүйек күндері өтеді.

 

Видео: Астана ІІД баспасөз қызметі

Превью: kipyat.com

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер