È

Санжар Мәди «Алқызыл желкендер: Жаңа хикая» қазақ-ресейлік фильміне түсіп жатыр

Санжар Мәди «Алқызыл желкендер: Жаңа хикая» қазақ-ресейлік фильміне түсіп жатыр

Отандық актер Санжар Мәди «Алқызыл желкендер: Жаңа хикая» көркем таспасына түсіп жатыр. Фильмді қазақстандық және ресейлік кинематографшылар бірігіп түсіруде, ал жобаның қоюшысы театр актері әрі режиссер Юрий Цай болды.

Жаңа кинокартинаның сюжеті әзірге құпия ұсталуда. Алайда, атауына қарап, Александр Гриннің «Алқызыл желкендер» әйгілі повестінің негізінде түсірілетінін аңғаруға болады. Көркем шығарманың негізінде Ассоль бойжеткеннің және оның ғаламат ғажайыпқа сенетіні жатыр.

Санжар Мәди үшін фильм биылғы жылдағы екінші толықметражды жоба болады. Алдыңғы жолы актер «The Mongolian connection» американдық-монғол атыс-шабыс фильмінің түсіріліміне қатысқан еді.

Санжардан басқа, фильмге Мұрат Мұқашев, Юлия Маргулис, Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина), Бауыржан Әбішев, Төлепберген Байсақалов, Айнұр Ниязова және жас актерлар Диана Холловей мен Глеб Смолков түсіп жатыр.

Картинамен екінші режиссер Татьяна Быстрицкая және қоюшы-суретші Лариса Решетова айналысуда. Қоюшы-оператор ретінде жобаға Алехандро Чавес шақырылды. Мексика маманы Баян Алагөзованың «Сиситай» картинасымен және «Батыр» фильмімен айналысқан болатын.

Көрермендер «Алқызыл желкендер: Жаңа хикаяны» 2019 жылдың ақпанында тамашалай алады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер