È

Санжар Омаров: «Женатики» сериалы жас отбасыларға өте қызық болмақ»

Санжар Омаров: «Женатики» сериалы жас отбасыларға өте қызық болмақ»

Отандық режиссер Санжар Омаров «Женатики» деп аталатын жаңа сериал түсірді. Бұл ситком режиссердың төртінші жобасы. Бұған дейін ол «Такая Life», «Базар на улице Мира» және «Метод ОрыStar» сериалдарымен жұмыс істеген.

«Жоба отбасылық өмірдің қиындықтары жайлы. Мұнда қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріледі. Сериал әсіресе жас отбасыларға қызықты болады деп сенемін. Өйткені көптеген жастар отбасылық өмір керемет болады деп ойлап үйленеді ғой. Бірақ шындығында жұбайлар белгілі бір қиындықтарға тап болады. Міне, осындай дүниелерді жеңіл комедиялық формада көрерменге жеткізбекпіз», - дейді Санжар Омаров.

«Женатики» сериалының түсірілімі бір айдан астам уақытқа созылды. Оған жобаның авторлары мен продюсерлері Сәбит Рахымбаев және Даут Шайхисламов, Нұрдәулет Шертім және кішкентай актрисалар апалы-сіңлілі Малғаждарлар қатысты.

Режиссердың айтуынша, алаңда балалармен жұмыс істеу оңайға соққан жоқ. Бірақ дәл солардың ойынын ешбір кәсіби актер ойнай алмайды.

«Женатики» сериалы «31 арнадан» алдағы жылдың наурыз айында көрсетіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер