È

«Қазақ елі» фильмінің саундтрегі

 «Қазақ елі» фильмінің саундтрегі

«Қазақ елі» кинлентасын түсірушілері ресми саундтрегін ұсынды. Ұлттық аспаптарда орындаған «Аңыз» компазициясының авторы композитор әрі музыкант Абулхаир Жарасқан.

Режиссер Рүстем Әбдрашевтің Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап түсірген тарихи лентасы Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісіне негізделген.

Оқиға XV ғасырдың орта шенінде болған, сол кезде хандықтан Әбілқайыр кетіп, Жәнібек пен Керей келеді. Фильмде көрерменге қазақ мемлекетінің қалыптасуы көрсетіледі, оның алғашқы билеушілері жайлы және қазақ руларының жаумен айқастары баяндалады.

Абулхаир Жарасқан

Басты рөлдерде: Еркебұлан Дайыров, Қайрат Кемалов, Аян Өтепбергенов және басқа отандық актерлер. Жоба продюсері Арман Әсенов.

Қазіргі таңда картинаның алғашқы маусымының 10 сериясы түсіріліп бітті, алғашқы сериалар 16 желтоқсанда Қазақ елінің тәуелсіздік күні мерекесіне орай көрсетіледі. 1

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер