È

«В сетях» саундтрегі

 «В сетях» саундтрегі

Желіде «В сетях» фильмінің саундтрегі пайда болды. Фильмнің атауымен сәйкес келетін музыкалық композицияны орындаған Фима Иванов бірге Дана Рыскелдинова және DJ 5UGAR.

таяуда отандық экранға «В сетях» әлеуметтік драмасы шығады. Дебюттық продюсерлік жоба Екатерина Краснованікі. Мұнда әлеуметтік желілерге тәуелділік, жақын адамдардың сатқындығы, суицид секілді тақырыптар қозғалады.

Айналасындағыллардың бәріне ұнайтын Клара аяқ астынан достарының алдында масқара болады. бірақ жас қыз мұндай келеңсіздікке шыдай алмай, өз ойлағанын іске асырмақ болады. Ол кегі өте тәтті болмақ. Бұл оқиға немен аяқталады, көрермендер мұны 19 қаңтарда біле алады.

басты кейіпкерді ойнаған Айсұлу Әзімбаева. Көңілдесі - Санжар Мәдиев, ең жақын құрбысы - Динара Бақтыбаева. Эпизодтық рөлдерде Фима Иванов, Ульяна Амент және Дмитрий Хольцман.

Фильмнің қоюшы-режиссеры - Татьяна Нам, оператор - Иван Сковиков. Түсірілм тобы картинаны бір аптадан астам уақыт түсірді. «В сетях» драмасының түсірілімімен Media LAB tehnology студиясы айналысты.

«В сетях» деп аталатын музыкалық клипті тамашалуды ұсынамыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер