È

«Бөлінбейтін» фильмінің саундтрегі Желіге жүктелді

«Бөлінбейтін» фильмінің саундтрегі Желіге жүктелді

Желіге Олжас Ахметовтың «Бөлінбейтін» фильмінің ресми саундтрегі жарияланды. Картинаның музыкалық сүйемелдеуі продюсер әрі музыкант Ілияс Ахметтің «Атақтылар» дебютті шығармасы болды.

«Бөлінбейтін» фильміндегі оқиға жолдағы дәмханада өрбиді, ол жаққа тонаушылар кіріп келеді. Бірақ, қарақшылар демалыстың орнына тосын сыйға тап болады: сол дәмханаға тәртіп қорғаушылар да тамақтануға келген. Не істеу қажет: Қашу керек пе, әлде келісуге бола ма? Енді миллион доллар ғана емес, өмір де қымбат.

Музыкалық бейнебаянның түсірілімі қарашаның соңында болған. Оған әнші Маржана және радиожүргізуші Эрик Соло қатысқан. Бейнероликтің режиссері - Санжар Мәди.

Еске салсақ, «Бөлінбейтін» қылмыстық драмасы 14 желтоқсаннан бастап айналымға шықты. Көрсетілім кестесін афишадан көруге болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер