È

Бүгін «Бір сен үшін» фильмінің телетұсаукесері болады

Бүгін «Бір сен үшін» фильмінің телетұсаукесері болады

Бүгін, 7 қазан күні «31» арнадан «Бір сен үшін» фильмінің телетұсаукесері болады. Картина - театр және кино актері Азамат Сатыбалдының продюсерлік дебюті.

«Бір сен үшін» драмасы ерлі-зайыпты Асқар мен Айжан туралы баяндайды, олар 8 жыл бойы балалы бола алмай жүреді. Өмірдің ауыр кезеңдерінде Асқар Индира есімді басқа әйелдің жанынан сүйеу іздейді. Біраз уақыт өткен соң ол жүкі екенін жариялайды. Азаматтың алдында екі таңдау тұрады: Айжанмен өмір сүру немесе Индирамен толыққанды отбасын құру.

Азамат Сатыбалдының айтуынша, фильмнің негізгі идеясы – адамдарға отбасының өмірдегі ең басты құндылық екенін, яғни бақыт үшін күресу қажеттілігін жеткізу.

Драмадағы кейіпкерлерді Зарина Кәрмен, Айжан Байзақова, Азамат Сатыбалды және Еркебұлан Дайыров сомдады. Кинотаспа 2016 жылдың соңында Алматыда түсірілді. Қоюшы-режиссері - Ардақ Төлеубай. Таспаның өндірісімен Cinema 28 киностудиясы айналысты.

Картина айналымға биылғы жылдың сәуір айында шыққан. Драма тұсаукесерлі аптада 17 148 000 теңге көлеміндегі қаржыға ие болды.

Фильмнің «31» арнадағы көрсетілімі сағат 22:00-де басталады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса