È

Семих Капланоглу XIV «Еуразия» ХКФ-не қатысады

Семих Капланоглу XIV «Еуразия» ХКФ-не қатысады

Түрік режиссері, сценарист әрі продюсер Семих Капланоглу XIV «Еуразия» ХКФ-де қысқа метр байқау бағдарламасының қазылар алқасын басқарады. Кинофестиваль 1-7 шілде аралығында Қазақстан астанасында өтеді. Халықаралық байқауды «Халықаралық Еуразия-Астана кинофестивалінің дирекциясы» қоғамдық бірлестігі өткізеді.

Семих Капланоглу – Түркияның танымал қоюшысы, оның жұмыстары беделді халықаралық алаңқайларда көрсетілген. Оның қоржынында Берлин кинофестивалінің «Алтын аю» жүлдесі, «Фаджр» ХКФ-нің «Үздік режиссер» сыйлығы және NETPAC қазылар алқасының жүлдесі бар.

Семих Капланоглу
Семих Капланоглу

Семих Капланоглумен қатар, қазылар алқасының құрамына Клермон-Феррандағы ең беделді қысқа метр кинофестивалінің негізін қалаған Джордж Буллон, қытай режиссері әрі сценарист, Берлин фестивалінің «Күміс аюын» екі рет иеленген Ван Сяошуай, отандық кинематографшы Ермек Тұрсынов, танымал сербтік әрі ресейлік актер, «Элеон қонақүйі» фильмінің жұлдызы Милош Бикович шақырылды.

Сондай-ақ, фестиваль аясында әлемдік киноөндіріс өкілдері шеберлік сағаттары мен кездесулер өткізеді. «Еуразияға», шамамен, «Сезар» жүлдесінің иегері француз актері Венсан Кассель, 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» жүлдесін иеленген актриса Самал Еслямова, югославиялық әрі сербиялық режиссер және актер Эмир Кустурица, Италиядан шыққан режиссер-монтаждаушы Габриэлла Кристиани, танымал француз актрисасы әрі сәнбике Леа Сейду, сондай-ақ отандық кино жұлдыздары, сарапшылар мен киносыншылар, мәдениет қайраткерлері мен отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады.

Венсан Кассель
Венсан Кассель

Кинокөрсетілімнің ресми бағдарламасында толықметражды ойнамалы картиналардың және қысқаметражды кинолардың халықаралық байқауы өтеді. Биылғы жылдың байқаудан тыс бағдарламасы Орта Азиядағы «Караван» түркі тілдес кино мен фильмдер панорамасынан, 2017-2018 ж.ж. «Еуразия жүрегінде» үздік қазақстандық картиналар көрсетілімінен, «Әлем айналасында» халықаралық кинофестивалінің жүлдегерлерінен құралған әлемдік панорамадан және «Объектив» әлемдік деректі кино бағдарламасынан тұрады.

Еске сала кетсек, фестиваль аясында шеберлік сағатары мен көрсетілімдерден бөлек, Eurasia Film Market екінші кинонарығы және Еуразиялық жобалар нарығы (питчинг) өтеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист