«Гламур для дур» түсірілімі тоқтап қалуы мүмкін
«Гламур для дур» фильмінде басты рөлді ойнайтын Ақбота Сейтмагамбет денсаулығына байланысты түсірілімге қатыса алмайтын болды. Белгілі болғаны, түсірілім алаңында актриса өзін жайсыз сезінген, режиссер Асқар Ұзабаев Ақботаға демеу көрсетіп, оны ауруханаға жеткізген. Дәрігердің айтуынша, әртіс қатты қалжырап шаршаған көрінеді.
Бұған дейін Ақбота Kesh You тобының әнші қыздарымен бірге Астанада жыл сайынғы ELLE STYLE AWARD жүлдесін табыстау салтанатында болды. Іс-шара аяқталысымен ол Алматыдағы түсірілім алаңына ұшып келді. Жұмыс кестесінің өте тығыз болуы әртісті шаршатса керек. Өйткені түсірілім өте қысқа мерзімде өтуде, тәулігіне 20 сағат жұмыс істеуге тура келеді.

Түсірілім жұмыстары уақытша тоқтатыла ма, басты рөлдегі актриса түсірілім алаңына қашан оралады әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кеткейік, «Гламур для дур» романтикалық комедиясының түсірілімі 10 маусымда басталған болатын. Басты рөлдер Ақбота Сейтмағамбетке, тележүргізуші Әсел Ақбароваға және Дәурен Айдарқұловқа бұйырды.
Әйгерім Қасқыр
Тақырып бойынша:
Асқар Ұзабаев «Гламур для дур» фильмін түсіреді
Әсел Ақбарова Баян Есентаеваны ауыстырды







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін