«Ана жүрегі» хикаясы эфирге шығады
14 қараша күні «Хабар» телеарнасының эфирінен «Ана жүрегі» хикаясы көрсетіле бастайды. Көпсериялы драма аналық махаббат туралы баяндайды. Картинаны режиссер Санжар Омаров («Үйленгендер») «GG» студиясының негізінде түсірген.
«Ана жүрегі» хикаясы – өз баласын қатты жақсы көретін, сотта жұмыс істейтін әйел туралы оқиға. Өмірінде бір ғана қателік жасаған ол, байқамай көптеген тағдырлардың астан-кестеңін шығарады.
Драма кейіпкерлерін Лейла Ханинга-Бекназар, Жанел Мақажан, Шәріп Серік және Олжас Тоғымбет сомдады.
Продюсер әрі идея авторы Гүлнұр Мамасарипованың сөзінше, хикая шынайы оқиғаларға негізделген және қазіргі ұрпақ мәселесін қозғайды. Продюсердің айтуынша, көрермендер махаббат, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас пен отбасылық құндылықтар туралы хикаяларға куә болады.
«Ана жүрегі» хикаясының түсірілімінен сурет
Сценарий авторлары - Санжар Омаров, Әсем Көбеева және Батыр Исқалиев.
Көпсериялы картинаның түсірілімі Алматыда биылғы жылдың жазында болған. Хикая түсіріліміне екінші режиссер Құралай Зейнелғабдина, қоюшы-оператор Қаршыға Оспанов атсалысты. Жобаның атқарушы продюсері - Айса Қисабекова.
«Ана жүрегі» хикаясы «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін