È

«Ғашықтар» хикаясы «Хабар» телеарнасының эфиріне шығады

«Ғашықтар» хикаясы «Хабар» телеарнасының эфиріне шығады

3 шілдеден бастап «Хабар» телеарнасынан «Ғашықтар» мелодрамасы көрсетіле бастайды. Көпбөлімді таспа Ілияс Есенберлиннің романы бойынша түсірілген және астанамыздың 20 жылдығына арналған. Хикая дүйсенбіден бейсенбіге дейін Астана уақытымен сағат 21:30-да көрсетіледі.

Түпнұсқаға қарағанда, «Ғашықтар» хикаясындағы оқиға заманауи өмірде өрбиді. Оқиға салынып жатқан Астана аясында өтеді. Басты кейіпкер Жантас көрермен алдына суретші-дизайнер болып шығады. Ер азамат жылдам ғашық бола алатын қасиетке ие, бірақ ол краншы Аяужанды жолықтырған соң түбегейлі өзгереді. Шынайы қарым-қатынастан қорқатын Жантас бойжеткеннің көңілін аулап, оған үйлену туралы ұсыныс жасауға дайындалады. Барлығы өз кезегімен жүріп, бақытты соңына таяп қалғандай еді. Алайда, әрі қарай өрбитін оқиға қос жұп үшін нағыз сынақ болады. Құрылыстағы қайғылы оқиғадан кейін, Аяужан мүгедектер арбасына таңылады. Жантас үнемі сүйіктісін қолдауға тырысады, бірақ өзі де кейде түрлі күмәнға беріледі. Кейіпкерлер бар қиындықты еңсеріп, шынайы махаббаттың керемет құдіретке ие екенін дәлелдей ала ма, оны көрермендер хикаядан білетін болады.

Жантас образын экранда Азат Тұрарбеков, ал Аяужан рөлін Гүлмира Хасанова сомдайды. Хикаяның басқа да актерларын Азат Сейтметов, Ақерке Бүркітбай, Әйгерім Жүнісова және Ербол Ыдырысов сомдады

Мелодрама түсірілімі Алматы мен Астанада өтті. Көпбөлімді таспамен қоюшы-режиссер Самат Шәріпов және продюсер Ардагер Сантыбаев айналысты. Сондай-ақ, хикая түсіріліміне дыбыс режиссері Константин Кузнецов, қоюшы-суретші Нұрболат Жапақов және композитор Арман Мұқатай атсалысты.

 

Превью: khabar.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер