È

«Әке» сериалы мен «Тайны и судьбы великих казахов» киноциулә «Тұмар» тележүлдесінң иегері атанды

«Әке» сериалы мен «Тайны и судьбы великих казахов» киноциулә «Тұмар» тележүлдесінң иегері атанды

Астанада алғашқы ұлттық «Тұмар» телевизиялық жүлдесінің лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Тележүлде иегерлерінің бірі «Әке» көпсериялы фильмі, ол «Үздік телевизиялық сериал» номинациясын жеңіп алды және «Тайны и судьбы великих казахов» «Үздік деректі кино» категориясы бойынша жеңімпаз деп танылды.

«Тұмар» ұлттық телемарапатын «Қазмедиа орталығы» ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен өткізді. Жүлденің лауреатттары құпия дауыс беру арқылы бір ай бойы анықталды. Байқауға қатысуға барлығы 12 номинация бойынша 200 өтініш түскен. Номинациялар: «Үздік өңірлік әлеуметтік бағдарлама», «Үздік ақпараттық бағдарлама», «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік әзіл-сықақ бағдарлама», «Үздік деректі кино» және басқалар.

«Әке» фильмінен кадр

«Әке» сериалы - режиссер Асқар Ұзабаевтың көпсериялы драмасы, ол «Қазақстан» ТРК тапсырысымен түсірілген. Картинаның басты кейіпкері – жалғызбасты әке, ол ұл мен қызына қамқор болады. Кейіпкерге балаларын аяқтан тұрғызу үшін көп қиындықтардан өтуге тура келеді.

«Тайны и судьбы великих казахов» киноциклы - деректі фильмдер сериясы, мұнда қазақ халқының көрнекті өкілдерінің өмірлеріндегі қалтарыстар қамтылған.Жобаны жүзеге асырған «Хабар» телеарнасы.

 

Превью: Today.kz

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

19 наурыз 2017, 20:51

«Әке» дейсвительно хороший отечественный телесериал

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса