È

Санжар Бекжановтың «Шаг вперед» фильмі Тегеранға аттанады

Санжар Бекжановтың «Шаг вперед» фильмі Тегеранға аттанады

Жас режиссер Санжар Бекжановтың «Шаг вперед» фильмі Tehran international Short film festival фестивалінің байқау бағдарламасына енді. Картина «Азия мемлекеттері» категориясы бойынша қатысуда. Тегеран кинофестивалі 8 -14 қараша аралығында өтеді.

«Шаг вперед» - өмірі шырғалаңға айналған жас жігіт жайлы. Бір күні кейіпкерге басқа әлемге түсу мүмкіндігі туады, тек батыл қадам жасау керек.

Фильмнің режиссеры Санжар Бекжанов - Нью-Йорк Bachelor of Fine Arts in Filmmaking Program киноакадемиясының түлегі. Бұған дейін оның жұмысы 2016 жылы Канн кинофестивалінің Short Film Corner бағдарламасына енген болатын. Сондай-ақ Ұлыбритания, Испания, Қытайда өткен кинофестивальдарға да қатысты.

«Шаг вперед» фильмінен кадр

33-інші Тегеран халықаралық қысқаметражды кино кинофестивалінің негізі 1970 жылы қаланған. Биылғы жылы 117 елден 3668 фильм қатысты, олардың 242 картинасы Азия мемлекеттерінен. Алайда байқау бағдарламасына тек Армения, Үндістен, Қытай, Қазақстан, Ливан, Мьянма, Түркия, Оңтүстік Корея және Жапониядан 12 лента ғана енді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер