«Шакал» Hollywood Boulevard Film Festival байқауында жүлдеге ие болды
«Шакал» қысқаметражды фильмі Hollywood Boulevard Film Festival байқауында «Үздік режиссура» номинациясын жеңіп алды. Картина режиссеры - Айсұлтан Сеитов. Операторы – Азамат Дулатов.
«Шакал» - криминал әлемімен байланысы бар ағайынды жігіттердің арасындағы қиындау қарым-қатынас жайлы оқиға. Фильмде Жалғас Жанғазин және Ақтөре Бектұрсын. Картинаның тұсаукесері XII «Евразия» ХКФ кезінгде болды.

Hollywood Boulevard Film Festival - Калифорния штатында, Голливудта жыл сайын өткізілетін шара.
Естеріңізге сала кетейік, «Шакал» үш номинация бойынша ұсынылды: «Үздік режиссура», «Үздік операторлық жұмыс» және «Үздік фильм».








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін