È

«Шлагбаум» онлайн

«Шлагбаум» онлайн

Режиссер Жасұлан Пошановтың толықметражды фильмі «Шлагбаум» енді «Бродвей» (Brod.kz) кинопорталында. Лентаны жарнамасыз 300 теңгеге «кинотеатр» бөлімінен көруге болады.

«Шлагбаум» драмасы өткен жылы түсірілген. Өндіруші – 567 creative laboratory. Сценарийді жазған Жасұлан Пошанов және Әділхан Ержанов. Продюсерлері Гаухар Айтжанова және Асқар Ұзабаев, қоюшы-оператор – Азамат Дулатов, композиторлары – Алим Заиров және Роман Вишневский.

Картинаның сюжеті Рауан есімді жігіт туралы, ол көпқабатты үйдің жанындағы көлік тұрағында күзетші болып жұмыс істейді. Ол тұратын жерден күнде мұнай магнатының баласы Айдар өтеді. Екеуі бір аулада тұрады, бірақ олардың арасында үлкен айырмашылық бар. Шекара - шлагбаум. Күндердің күнінде Рауан мен Айдардың жолдары түйіседі. Жігіттер араларындағы кедергіден аттап кете ала ма?

Түсірілімге Еркебұлан Дайыров, Элина Шакеева, Дидар Каден, Алдаберген Шалбаев, Азат Жұмаділ қатысты.

Драманың телевизиялық тұсаукесері «КТК» арнасында 31 қаңтарда болған еді.

«Бродвей» кинопорталы кинокомпанияларды фильмдер мен сериалдарды орналастыруға шақырады. Біз авторлық құқық шарттары сақталатынына кепілдік береміз және онлайн кинотеатрда кинолентаны көрсетіп, табыс табуға болады.

 

Тақырып бойынша:

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер