Тәтті өмір
Алматыда уақытша атауы «Мажор» деп аталатын толықметражды көркем картинаның түсірілім жүріп жатыр. Картинада бас кейіпкерді 17 жастағы Марсель Махмуди ойнайды, бұл оның кинодағы алғашқы рөлі. Атқарушы продюсер және актриса - Қымбат Кеңесбай. Жоба режиссы толық метрдегі дебютант Жәнібек Ғұсманов.
Бас продюсер Анар Рүстемова, сондай-ақ ол бас кейіпкердің анасының рөлін ойнайды. Анар - өмірде де Марсель Махмудидің анасы ғана емес, ол баласының идеясын қолдап, түсірілім үшін үйін де, көлігін де берді. 
«Байдың балалары туралы фильм түсіру біздің ғана ойымызға келді деп ойламаймын. Бірақ бізде осындай фильмді түсіруге барлық қажетті нысандар бар, сондықтан біз Қазақстанда бірінші нөмір болатындай фильм жасағымыз келеді», - деді Марсель.
Фильмде танымал актерлермен бірге жаңа жас актерлер де қатысады. Екінші рөлдерге ұзақ уақыт кастинг өткізілді, бірақ біраз қиындықтар болды, өйткені 16 мен 21 жас аралығындағы жастар қажет болды. Ал олардың арасында кәсіби мамандар жоқ.
Картинаның түсірілімі қарқынды жүріп жатыр. Фильм шамамен осы жылдың күзінде жарық көреді.
Тақырып бойынша:








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін