«Сиситай» мюзиклінің саундтрегіне бейнебаян түсірілді
Баян Алагөзова «Сиситай» мюзиклінің саундтрегіне бейнебаян түсірді. Фильмнің басты музыкалық шығармасын продюсердің қарамағындағы әнші Жарқынай Ханайым орындады.
«Сиситай» - продюсер Баян Мақсатқызының фильм-мюзиклі. Картинаның басты кейіпкері – әнші болуды армандайтын 18 жасар Сиситай. Бойжеткеннің арманын соңғы уақытта жобалары сәтсіздікке ұшырап жүрген продюсер Алиса Мақсұтқызы орындауға тырысады. Кейіпкерлер өздерінің жұлдыз болуға жаралғандарын әлемге дәлелдемекші.

Фильм кейіпкерлерін Әйгерім Мергенбаева, Кәмшат Жолдыбаева және Баян Алагөзова сомдады. Сондай-ақ, мюзикл түсіріліміне «Алау» бойз-бенді қатысты.
«Сиситай» айналымға биылғы жылдың 8 наурызында шығады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін