«Фатима» фильмінің тұсаукесері өтті
Алматыдағы «Арман» кинотеатрында «Фатима» картинасының тұсаукесерлік көрсетілім өтті. Деректі фильм үш ұлы тұлға - Біләл Сүлеевтің, Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезовтің музасы болған - Фатим Ғабитова жайлы. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен картинаны «Қазақфильм» киностудиясы түсірді.
Идея авторы «Қазақфильм» жетекшісі Бақыт Қайырбеков. Оның айтуынша, ол осы бір ғажап әйел жайлы 2010 жылы білген, ол кезде оған Фатима Ғабитова мен Ілияс Жансүгіровтың хаттарын өлеңмен жазып шығу тапсырылған еді. Қайырбеков Фатиманың бойындағы рухании күшке таңғалғанын айтты.

Толықметражды фильм Фатима Ғабитованың күнделіктері мен хаттарының негізінде түсірлді. Өзінің жазбаларында ол XX ғасырдың бас кезіндегі оқиғалар туралы баяндайды: 1916 жылғы көтеріліс, революция, азамат соңғысы, қвзвқ әдебиеті мен публицистикасының дамуы, 30-жылдардағы аштық, репрессиялар, Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі жылдар қамтылған.
Авторлардың айтуынша, жастар өз халқының тарихын білуі үшін фильмді републиғкалық арналардан көрсету керек.
Лентаның режиссеры Алексей Каменский, операторлары - Александр Вертяков және Ринат Беспаев. Композитор - Артур Оренбургский.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін