«Аға ма әлде неке ме» фильмінің авторлары жаңа кино дайындауда
«Аға ма әлде неке ме» фильмінің авторлары Құралай Анарбекова мен Әлішер Утев жаңа жобаға кірісіп кетті. Шығармашылық дуэт көрермендерге банк тонауға қатысты ерекше комедии дайындап жатыр.
«Фильм идеясы бір жыл бұрын туындаған. Қазір соны жүзеге асыруға тырысудамыз. Бұл өзі бір ерекше тонау болмақ, себебі фильм кейіпкерлері зорлық-зомбылыққа қарсы. Мағыналы күлкілі хикая болып шықты», - дейді Құралай Анарбекова мен Әлішер Утев.
Фильм сценарийімен Әлішер Утев және Арыстан Каунев айналысты. Еске сала кетсек, олар «Қазақша кәсіп», «Аға ма әлде неке ме» және «Таиландтағы демалыс» фильмдерінің сценарий авторы болып табылады.
«Аға ма әлде неке ме» фильмінен көрініс
Актерлік құрам, қоюшы-режиссер мен картина атауы әзірге құпия ұсталуда. Продюсерлер жобаға қатысты барлық мәліметті жақын арада хабарлайтындарын жеткізді.
Еске сала кетсек, «Аға ма әлде неке ме» отандық айналымда рекорд орнатты. Sulpak cinema-ның мәліметінше, комедия айналымдағы 11 аптаның ішінде 454 535 740 теңге ж инап үлгерген, осылайша «Қазақша кәсіпті» және «Жаужүрек мың баланы» басып озған.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Дания Кузембаева
1 февраля 2018, 14:19Очередная коммерческая казахстанская комедия!