È

«NauryZ.kz» фильмінің пост-продакшны басталады

 «NauryZ.kz»  фильмінің  пост-продакшны басталады

Келесі жылдың көктемінде қазақстандық прокатқа Асқар Бисембиннің «NauryZ.kz» фильмі шығады. Комедиялық жанрдағы фильмді қолға алған SG Production компаниясы.

Аталған фильм Нураз мерекесі қарсаңнда кейіпкерлердің басынан өткен 5 қызықты оқиғадан тұрады. Фильмнің сценарийін бір жылдың ішінде Николай Пак, Василий Земзюлин және Асқар Бисембин жазған. комедияның атауына авторлар бас қатырмады, олар картинаны «NauryZ.kz» деп атапты. Режиссер Асқар Бисембиннің айтуынша, лентаның атауы өте жеңіл және есте тез сақталады.

Авторлардың ойластыруы бойынша бір-бірімен байланысты 56 оқиғадан бөлек, шағын пролог бар.Сондықтан фильмде 15 басты персонаж және ондаған қосымша рөлдегі, эпизодтардағы кейіпкерлер қатысады. негізгі персонаждарды Берік Айтжанов, Жанар Дұғалова, Марат Омаров, Шәріп Серік және Жеңіс Омаров ойнады.

«Бұл жобаға жаңа тәжірибелерге бай. Мұнда мен Жанар Дұғаловамен,Анатолий Креженчиковпен, Жеңіс Омаровпен, сондай-ақ мәскеулік қоюшы-оператор Святослав Булаковскиймен алғаш рет жұмыс істеп отырмын. Оның идеалары өте креативті. Ал түсірілімнің өзіне келер болсақ, түсірілім алаңында ылғи бірдеңе болатын, біресе ауа райы қолайсыз, біресе техника бұзылып қалады. Соған қарағанда мен бұл жобада бұрынғыларға қарағанда біраз қобалжып, жүйкем сыр берген сияқты», - признался режиссер Аскар Бисембин.

Түсірілім тамыз айының ортасында басталды, Фильм Алматы, Алматы облысы, Астана, Шымкентте түсірілді.

Бисембин айтқандай халықтық комедияның экранға шығуы 2017ь жылдың 16 наурызына белгіленген. Режиссердің мұнымен тоқтайтын ойы жоқ. Ол алдағы уақытта төрт толықметражды фильм түсірмек.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер