È

«Астанаға жиырма қадам» хикаясының түсірілімі басталды

«Астанаға жиырма қадам» хикаясының түсірілімі басталды

Алматыда «Астанаға жиырма қадам» жұмыс атауы бар хикая түсіріле бастады. Көпбөлімді драманы режиссер Қанағат Мұстафин түсіріп жатыр. Хикаяны Aray Medai Group компаниясы Qazaqstan телеарнасы үшін өндіруде.

«Астанаға жиырма қадам» хикаясындағы оқиға 1998 жылы өрбиді. Жас астанаға үлкен амбициялы үш дос келеді: архитектор Темірлан, шенеунік Болат және журналист Қуат. Кейіпкерлердің хикаясы Астананың құрылуы мен дамуына тікелей қатысты. Достарды түрлі қиындықтар, жеңістер мен жеңілістер, махаббат пен ерік-жігер сынағы күтеді.

Сценарийін Қанағат Мұстафин Жанат Қасабековпен бірге жазды. Жоба продюсері – Алмас Әлімжан. Хикаяға Жазира Еркін, Ғани Құлжанов, Аида Жантілеуова, Айгүл Иманбаева және басқа да актерлар түсіп жатыр.

Айта кету керек, Қанағат Мұстафин үшін «Астанаға жиырма қадам» алғашқы телевизиялық жоба емес. Оның қоржынында: «Айналайын» (2011), «Қара шаңырақ» (2012), «Өмір сынағы» (2015) және «Телепорт» (2017) хикаялары бар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер