«Аманат» фильмінің телепремьерасы
17 желтоқсанда «Хабар» телеарнасында бірінші рет отандық драма «Аманат» көрсетіледі. Көрсетілім Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне арналады. Картинаны түсірген режиссер Сатыбалды Нарымбетов, продюсері - Арман Асенов.
«Аманат» фильмі қазақ тарихшысы Ермұхан Бекмаханов сынды тұлғаға қатысты үш сюжеттік бағыттан тұрады. Басты кейіпкер - журналист Рамазан, ол өзінің қызмет бабы бойынша қазақ халқының тарихына жүгінеді. Бірақ ол да Ермұхан Бекмаханов секілді тарихи фактілері бұрмаланған ақтаңдақтарға тап болады. Журналист көп нәрсені зерттеп, оның алдында біліп, қазақ халқының тарихына ары қарай саяхат жасау керек пе, керек емес пе деген сауал туындайды.
Режиссердің айтуынша, фильмнің сценарийі 6 жыл бойы жазылған. Тарихи тұлғаларды бейнелеген актерлер: Берік Айтжанов, Қарлығаш Мүхамеджанова, Санжар Мәдиев және Азиз Бейшеналиев.

Биыл «Аманат» фильмі америкалық «Оскар» киножүлдесінің лонг-лист тізіміне кірді және Лос-Анджелесе өткен Asian World Film Festival фестиваліне қатысты.
Кинолента прокатқа биылғы жылдың мамыр айында шыққан болатын.
«Аманат» фильмінің көрсетілімі «Хабар» арнасында 17 желтоқсанда 22.00-де.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін