Торонто-2018: Питер Фарреллидің «Жасыл кітабы» фестивальдің бас жүлдесіне ие болды
Торонтодағы ең ірі халықаралық фестивальде белгілі комедиограф Питер Фарреллидің («Жындыдан асқан жынды», «Мен, қайтадан мен және Ирэн») «Жасыл кітап» драмасы фестивальдің «People's Choice Award» бас жүлдесіне ие болды. Бір қызығы, бұл кинофорумда ресми қазылар алқасы болмады, үздік фильм көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталды. Фарреллидің картинасы жоғары көркемдік беделін нақтылап, алғашқылардың бірі болып «Оскарға» таласуға шықты.
Көпшілігі Брэдли Купердің «Жұлдыз дүниеге келді» атты режиссерлік дебютті жұмысы бас жүлдеге ие болады деп ойлады, өйткені статистика бойынша «Оскар» жүлдесіне үміткерлердің бірі еді, бірақ бұл музыкалық фильм ақырында көрермендердің пікірінше, үздіктердің үштігіне де енбеді. Ал, Купердің таспасы басты рөлді сомдаған Гага ханымның жанкүйерлерімен жылы қабылданды. Әншінің жанкүйерлері фильмді көрмей жатып, көптеген онлайн-дауыс беру арқылы рейтингті жоғарылатуға тырысқан.
Мазмұны жағынан ерекше болып келетін «Жасыл кітап» драмасы афроамерикандық виртуоз-пианиношы Дон Ширли (Махершала Әли) мен оның жүргізушісі итальяндық Тони Лип (Вигго Мортенсен) арасындағы шынайы достық хикаясынан шабыт алған. Фаррелли таспасындағы экранды оқиға өткен ғасырдың 60-жылдары өрбиді, ол кезде Америкадағы қара нәсілді халық өз құқықтары үшін белсенді түрде күрес жүргізген.
«Жасыл кітап» драмасы 2018 жылдың 21 қарашасында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін