È

«Наурыз.kz» фильмінің трейлері

 «Наурыз.kz» фильмінің трейлері

SG production кинокомпаниясы «Наурыз.kz» фильмінің ресми трейлерін жариялады. Комедиялық лентаның режиссеры Асқар Бисембин. ол отандық көрерменге «Свадьба на троих», «Адель» және «Замуж в 30» картиналары арлықы белгілі. Жобаның продюсері Алмас Сұлтанғазин мен Олег Головашкин.

«Наурыз.kz» фильмі бес новелладан тұрады, онда наруыз мемрекесі қарсаңында еліміздің әр өңірінде болған қызықты оқиғалар баяндалады. Кейіпкерлер мен олардың басынан өткен жағдайлар мейірім мен сиқырға толы үлкен бір оқиғаға ұласады. Режиссердың айтуынша, кинолента өзінің жеңілдігімен есте қалады, қазақстандықтарға мерекелік көңіл күй сыйлайды.

«Наурыз.kz» фильмінен кадр

Ерекше оқиғаның авторлары Аскар Бисембин, Александр Земзюлин және Николай Пак. Авторлардың айтуынша халықтық комедияның сценарийі бір жылдың ішінде жазылған. Фильмнің композиторы - Алим Заиров.

Түсірілім 2016 жылдың тамыз айында басталып, қарашаға дейін жалғасты. «Наурыз.kz» Алматы, Шымкент және Астанада түсірілді.

«Наурыз.kz» фильмінен кадр

Фильмге кәсіби және жас актерлер де қатысаты: Берік Айтжанов, Анатолий Креженчуков, Жанар Дұғалова, Данагүл Темірсұлтанова, Шәріп Серік, Жеңіс Омаров, Антон Зайцев және басқалар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Камилла Ермекова

Актриса

Санұржан Сүлейменов

Актер