È

«Тұлғалық өсу тренингі» фильмінің трейлері

«Тұлғалық өсу тренингі» фильмінің трейлері

«Қазақфильм» «Тұлғалық өсу тренингі» картинасының трейлерін ұсынды. Режиссері әрі сценарий авторы Фархат Шәріпов болды, ол көрермендерге «Қызғылт қоян» және «Бөгде ғаламшарлықтардың еш кінәсі жоқ» фильмдері арқылы жақсы таныс.

Сюжетте өмірдің мәнін жоғалтып, орта жастағы күйзелісті басынан өткеріп жүрген ер азамат туралы баяндалады. Бір күні ол тұлғалық өсу тренингіне қатысып, көшбасшылық құпиясын үйренуді жөн санайды. Кейін басты кейіпкер бұрынғы танысы Даниярды жолықтырады, содан бастап оның өмірі өзгере бастайды.

Басты рөл актер Дулыға АқмолдағаОралман») бұйырды. Оның досын Ержан Түсіпов Елбасы жолы») сомдады. Сондай-ақ, фильмге Гүлжамал Қазақбаева, Филипп Волошин, Әсел Қалиева, Диора Романова және Шәріп Серік түсті.

Таспаны продюсерлерумен Ержан Ахметов пен Юлия Ким айналысты. Қоюшы-операторы Александр Плотников болды.

Еске сала кетсек, «Тұлғалық өсу тренингі» биыл Пусан халықаралық кинофестивалінің «Азиаттық кино терезесі» байқау бағдарламасында таныстырылған болатын. Бұрын фильм «Көшбасшы құпиясы» деп аталған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса